19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» холдингі AlmatyInvest 2018 инвестициялық форумының жұмысына қатысты. Инвесторларды мемлекеттік қолдау мақсатында өткізілген кеңес шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Жобалық қаржыландыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік департаментінің жоба жетекшісі Рүстем Қасенов «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары– ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасымен таныстырды.
Аталған іс-шараға мемлекеттік органдардың, ұлттық және халықаралық компаниялардың, «Атамекен» ҰКП және өзге де бизнес-құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты. Осы жиында Алматыны одан әрі дамыту драйвері, инновациялық технологияларды, франчайзингті, инвестицияны дамыту және өзге де тақырыптар талқыланды.
Рүстем Қасенов өз сөзінде атап көрсеткендей, «Бәйтерек» холдингі «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары– ұлттық чемпиондар» бағдарламасын Ұлт жоспарының 62-қадамына сәйкес жүзеге асырылуда. Бағдарламаның екінші сатысының мақсаты – өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған және технологиялық өнімдерді шығаруына ықпал ету. Осы жұмыстағы негізгі бағыт қазақстандық орта бизнес компанияларын қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары болмақ.
– Бағдарламаның іріктеп алынған әр қатысушысымен жеке сұхбат жүргізіліп, кешенді қолдау көрсетілді, атап айтқанда жеңілдікпен қаржыландыру және проценттік ставканы субсидиялау, экспорттық және үлестік қаржыландыру, сервистік-технологиялық консалтинг, жобалық құжаттамаларды әзірлеу мәселелері шешілді, – деп атап көрсетті Р. Қасенов.
Тұсаукесер барысында инвестициялық жобаның тіршілік кезеңін нақты қолдау шаралары, іріктеу өлшемшарттары және компания қажеттіліктері мен бағдарламаның әр қатысушысына берілетін негізгі артықшылықтары жан-жақты түсіндірілді.
Бағдарламаға қатысу үшін тапсырыстарды қабылдау ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталады.