27.11.2020

Алматыда университеттік аурухана құрылысының жобасы инвесторларға таныстырылады

Алматыда университеттік аурухана құрылысының жобасы инвесторларға таныстырылады

Халықаралық инвесторлар үшін денсаулық сақтау саласындағы «Алматы қаласында  300 төсек орынға көп бейінді университеттік аурухананы салу және пайдалану» концессиялық жобасының таныстырылымы онлайн-форматта өтеді.

Роуд-шоу аясында тұсаукесер рәсімін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірге «Бәйтерек» холдингінің еншілес кәсіпорны - «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС-нің қатысуымен өткізеді.

Қатысуға мемлекеттік органдардың, медициналық сектордың, денсаулық сақтау объектілеріне қызмет көрсетудің, отандық және шетелдік қаржы ұйымдарының өкілдері шақырылды.

Роуд-шоу бағдарламасы Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын, Алматы қаласындағы 300 төсектік университеттік аурухана жобасын таныстыруды және мүдделі тұлғалардың қатысуымен онлайн-кездесуді көздейтін қатарынан үш секцияның жұмысын қамтиды.

Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, «Kazakh Invest» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев және денсаулық сақтау министрі Алексей Цой таныстырады.

Қатысушыларға жобаның техникалық, экономикалық және құқықтық аспектілерімен танысуға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, олар концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың рәсімдері туралы ақпарат беріледі.

Халықаралық практикаға сәйкес, МЖӘ-нің ұқсас жобалары бүкіл әлемде, атап айтқанда Ұлыбританияда, Германияда, Түркияда, Польшада, Канадада, Австралияда, Жапонияда және әлемнің басқа елдерінде іске асырылады.

«Алматы қаласында 300 төсектік көп бейінді университеттік аурухана салу және пайдалану» концессиялық жобасының мақсаты жеке инвестицияларды тарту, студенттерді, интерндерді, университет ауруханасы базасында резидентура тыңдаушыларын клиникалық даярлау сапасын арттыру, қазіргі заманғы озық технологиялар мен ғылыми әзірлемелер негізінде медициналық көмектің қолжетімділігі, практикалық денсаулық сақтауға нәтижелер трансфертімен клиникалық және зертханалық ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қазіргі заманғы технологиялар мен халықаралық компаниялардың тәжірибесін ҚР Денсаулық сақтау жүйесіне енгізу болып табылады.

Өткізу орны / форматы: онлайн

Күні: 11 желтоқсан 2020 жылы, Нұр-сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 12.00-де басталады (Стамбул уақыты бойынша сағат 9.00-де басталады)

Kazakhstan Project Preparation Fund "(KPPF) ЖШС — "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның еншілес компаниясы. Компания 2014 жылғы 19 наурызда құрылды. KPRF мақсаты МЖӘ тетігі бойынша іске асырылатын жобаларды қоса алғанда, инфрақұрылымдық жобаларды құрылымдау және сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету арқылы Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық дамуына жәрдемдесу болып айқындалған.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар