Агроөнеркәсіптік кешенде цифрлық теңгені пайдалану бойынша пилоттық жоба сәтті аяқталды

Агроөнеркәсіптік кешенде цифрлық теңгені пайдалану бойынша пилоттық жоба сәтті аяқталды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ агроөнеркәсіптік кешенде цифрлық теңгені енгізу бойынша пилоттық жобаның кезекті кезеңінің сәтті аяқталғанын хабарлайды. Жоба аясында цифрлық теңге сәтті конвертацияланып, екінші деңгейлі банкте ашылған арнайы шотқа аударылды.

Пилоттық жобаны «Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ іске асырды. Жобаның басты мақсаты – ауыл шаруашылығындағы инвестициялық субсидияларды бөлу мен игерудің ашықтығын қамтамасыз ету және бақылауды күшейту.

«Біз цифрлық теңгенің мемлекеттік қаражатты қаржыландыру мен бақылау тәсілін қалай өзгертетінін алғаш рет байқап отырмыз. Бұл – қаржылық операциялардың ашықтығын арттыру және агроөнеркәсіп секторын мемлекеттік қолдаудың тиімділігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам», – деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев.

Сондай-ақ ол «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның банк операцияларын жүргізу лицензиясына ие екенін және бұл цифрлық валютаны конвертациялау мен қаражатты қаржы институтының шотына аудару кезеңдерін сәтті аяқтауға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, пилоттық жоба аясында Ақмола облысындағы «Астықжан К Т» ЖШС (Ақмола облысы) цифрлық теңгені пайдалану арқылы аванстық төлем жасап, 5% жеңілдік мөлшерлемесімен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған болатын. Бұл қаржыландыру шарттары ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қажетті жабдықтарды қолжетімді етуге айтарлықтай мүмкіндік берді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар