Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

23.04.2024

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын тануға арналған жасанды интеллект енгізілді

14.12.2021

«Бәйтерек» холдингі АӨК-ті 393 млрд теңгеге қаржыландырды

 «Бәйтерек» холдингі АӨК-ті 393 млрд теңгеге қаржыландырды

«Бәйтерек» холдингі ағымдағы жылдың 10 айында агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) 393 млрд теңгеге қаржыландырды. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында Холдинг Басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов мәлімдеді.

- Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 70 млрд теңге бағытталды. 132 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алу қаржыландырылды. Ауылды жерлерде 60 млрд теңге сомасына микро кредит берілді. Сондай-ақ, қаржы институттарын қорландыру жүйесі (кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары) арқылы салаға 65 млрд теңге мөлшерінде кредиттік қаражат бағытталды. Тікелей кредит беру шамамен 31 млрд теңгені құрады, - деді Айдар Әріпханов.

Сонымен қатар, АӨК-тегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға 35 млрд теңге жұмсалды. «Бәйтерек» холдингінде Аграрлық несие корпорациясы, Қазақстанның Даму Банкі және Қазына Капитал Менеджмент АӨК-тегі инвестициялық жобаларды қаржыландырады.

- Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылы іске асыруды жоспарлаған 285 инвестициялық жобаның ішінен 69 жобаның бастамашылары Холдингтің еншілес компанияларына жүгінді, сұратылған қаржыландыру сомасы 63 млрд. теңгені құрады. Холдингтің еншілес компаниялары аталған жобалардың ішінен 67 жобаны қаржыландырды, ал 2 жоба мақұлдану сатысында тұр - деп атап өтті «Бәйтерек» холдингінің басшысы.

Жалпы, Холдингтің қаржылық қолдауымен жалпы құны 62 млрд теңге болатын 56 жоба пайдалануға берілді, бұл ретте 1695 тұрақты және 204 уақытша жұмыс орны ашылды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар