19.06.2023

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен ауыл шаруашылығындағы өз мүмкіндіктеріңізді кеңейтіңіз: жаңа жеңілдікті қаржыландыру бағдарламаларын іске қосу.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен ауыл шаруашылығындағы өз мүмкіндіктеріңізді кеңейтіңіз: жаңа жеңілдікті қаржыландыру бағдарламаларын іске қосу.
Құрметті фермерлер, сіздерге керемет жаңалығымыз бар! Қолжетімді шарттармен жаңа жабдықты сатып алуға және бизнесіңіздің тиімділігін арттыруға көмектесетін жеңілдікті қаржыландыру бағдарламаларының басталғанын хабарлауға қуаныштымыз. «ҚазАгроҚаржы» жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламаларын жүзеге асыруға шамамен 46,6 млрд теңге бөліп отыр.

Жеңілдікті қаржыландыру бағдарламаларына өтінімдерді қабылдаудың басталу күні – 2023 жылдың 26 ​​маусымы.

Өтінімдерді қабылдау үшін «@KazAgroFinance.bot» ҚазАгроҚаржы Телеграмм-ботында электронды кезек қалыптасады.

Клиент Telegram ботына өтініш берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде «ҚазАгроҚаржы» филиалына құжаттардың толық пакетін ұсынуы қажет (Құжаттар мен нысандар тізімі https://drive.google.com/drive/folders/1YCMgmhMomkXbZSRc88vZGeh0pY6qobx ).

«ӨЗ ЖЕМІН» бағдарламасы мал шаруашылығының жем-шөп базасындағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі мен мал шаруашылығы өнімдерінің көлемінің өсуін арттыруға бағытталған. Бағдарламаны жүзеге асыруға 20 млрд теңге бөлінуде:
мақсатты топ – төменде көрсетілген критерийлердің біріне сәйкес келетін
лизинг алушылар:
а) лизинг алушының жер телімдерінің құрылымында жайылымдық және/немесе шабындық болуы;
б) лизинг алушының қызметі биологиялық активтерді өсірумен / күтіп-
баптаумен / бордақылаумен байланысты болуы;
в) мал азығын өндіру/дайындау бойынша лизинг алушының қызметін
құжатпен растайтын басқа да факторлар;
лизинг нысаны: ауыл шаруашылығы техникасы, жылжымалы суару жүйелері (жабдықтар тізімі www.kaf.kz сайтында жарияланған;
мөлшерлеме – жылдық 6%;
лизинг мерзімі - 10 жылға дейін;
аванстық төлем – лизингке нысаны құнының 15 пайызынан бастап;
қамтамасыз ету - талап етілмейді;
қаржыландыру лимиті – лизинг насанының 3 бірлігінен аспайды. Бір
лизинг алушыға қаржыландыру 2 жылдық кезең ішінде бір реттен ратық
берілмейді;
ерекше шарттар – лизинг алушыға қарсы міндеттемелер белгіленеді:
қаржыландыру алынған қаржы жылынан кейінгі 2 жыл ішінде еңбекақы төлеу қоры мен салық түсімдерін 10%-ға ұлғайту.

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» бағдарламасы отандық өндірістің/жинақтаудың ауыл шаруашылығы техникасын лизингке қаржыландыруға бағытталған. Бағдарламаны жүзеге асыруға 15 млрд теңге бөлінуде:
лизинг нысаны: отандық өндірістің/жинақтаудың аспалы, тіркемелі және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы;
мөлшерлеме – жылдық 6%;
лизинг мерзімі - 10 жылға дейін;
аванстық төлем – лизингке нысаны құнының 15 пайызынан бастап;
қамтамасыз ету - талап етілмейді;
қаржыландыру лимиті – 120 млн теңгеден және лизинг нысанының 2 бірлігінен аспайды.

«ЖАСЫЛ ӨНІМ» бағдарламасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін (көкөністер, жемістер, жидектер, қант қызылшасы) өндірушілерді жеңілдікпен қаржыландыруға бағытталған. Бағдарламаны жүзеге асыруға 10 млрд теңге бөлінуде:
нысаналы топ – қызметі көкөністерді, жемістерді, жидектерді, қант қызылшасын өсірумен/сақтаумен байланысты лизинг алушылар;
лизинг нысаны: аспалы, тіркемелі және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы, көкөністерді, жемістерді, жидектерді, қант қызылшасын тасымалдауға арналған көлік құралдары (соның ішінде тоңазытқыштар), жылжымалы суару жүйелері;
мөлшерлеме – жылдық 6%;
лизинг мерзімі - 10 жылға дейін;
аванстық төлем – лизинг нысаны құнының 15 пайызынан бастап;
қамтамасыз ету - талап етілмейді;
қаржыландыру лимиті – 120 млн теңгеден аспайтын.

«ЖЕҢІЛДІКТІ ЛИЗИНГ» бағдарламасы отандық өндірістің/жинақтаудың ауыл шаруашылығы техникасының лизингін алдын ала төлемсіз қаржыландыруға бағытталған. Бағдарламаны іске асыруға 1,6 млрд теңге бөлінуде (қайта инвестицияланған қаражат есебінен):
лизинг нысаны: отандық өндірістің/жинақтаудың өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы;
мөлшерлеме – жылдық 6%;
лизинг мерзімі - 10 жылға дейін;
аванстық төлем – лизинг нысаны құнының 0%-дан бастап;
қамтамасыз ету - талап етілмейді;
қаржыландыру лимиті – 205 млн теңгеден және лизинг нысаның 3 бірлігінен аспайды, бір лизинг алушыға қаржыландыру 2 жылдық кезең ішінде бір реттен артық берілмейді.

«ҚазАгроҚаржы» – сіздің бизнесіңіздің дамуының кілті!

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар