Инфографика
Мақалалар
мен сұхбаттар
Ресми сөз
сөйлеулері
Бейнелер
23.12.2024
Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі экспорттаушының жеке кабинеті іске қосты

Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі өтінімдер беруге және келісімшарт талаптарын келісуге арналған онлайн-платформа — экспорттаушының жеке кабинетін іске қосты.

Жаңа сервис «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша құрылып,  «Бәйтерек» холдингінің «Bgov» порталы мен байланыс орталығымен біріктірілді. Сондай-ақ ол экспорттаушыға Агенттіктің бекітілген менеджерімен онлайн түрде өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Өтінім беру үшін жеке кабинетте тіркеліп, авторизациядан өту керек. Одан кейін сақтандыру өнімін таңдау қажет. Өтінім мақұлданғаннан соң экспорттаушылар ЭЦҚ арқылы келісімшартқа қол қоя алады. Бұл ашықтық пен заң қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Платформа өтінімдерді өңдеуді жылдамдатып, уақыт шығындарын азайтады және өзара әрекеттесуді жеңілдетеді. Барлық кезең online.kazakhexport.kz және Агенттіктің kazakhexport.kz сайтында қолжетімді.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар