Кеңес ал!

12.05.2026

«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Басқарма төрағасы Р.Т. Қарағойшиннің КЕЕЖ-ді қаржыландыру туралы баяндамасы

«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Басқарма төрағасы Р.Т. Қарағойшиннің КЕЕЖ-ді қаржыландыру туралы баяндамасы

Құрметті Олжас Абайұлы,

Құрметті Үкімет мүшелері!

1-слайд. Егіс науқанына кредит беру

Көктемгі егіс және жинау жұмыстарын қолдау мақсатында «Кең дала 2» несиелеу бағдарламасы іске асырылуда. Кредиттер 18 айға дейін мерзімге жылдық 5% - бен беріледі.

Аграрлық несие корпорациясы қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру шеңберінде 36 айға дейін мерзіміне ашылды. Бұл қарыз алушыға құжаттардың толық пакетін ұсынбай-ақ қайта кредит алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, фермерлерге ыңғайлы болу үшін кредиттік өтінімдерді онлайн қабылдайтын жүйе жұмыс істейді.

2026 жылғы маусымның көктемгі егіс және жинау жұмыстарына, жеңілдікпен кредит беруге өтінімдер өткен жылдың қазан айыннан қабылдана бастады. Қараша-желтоқсан айларында ерте қаржыландыруға 148 млрд теңге берілді, ал қазіргі уақытта кредиттің жалпы сомасы 534 млрд теңгеден асты.

Бұл, 4,2 мың ауыл шаруашылық кәсіпкерлері жеңілдікпен кредит алып, 6,4 млн гектардан астам егіспен қамтылды.

Жалпы, ағымдағы жылы көктемгі егіс және жинау жұмыстарына кемінде 750 млрд теңге бөлінбекші, бұл 9 мың ауыл шаруашылық кәсіпкерлерді камтып, 9 млн гектар жерді игеруді қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, 2023 жылмен салыстырғанда, көктемгі егіс және жинау жұмыстарына қаржыландыру 5 есе өсті (141 млрд.тг.)

2-слайд. Қаржыландыру арналары

Қарыз алушыларды көбірек қамту үшін кредит тікелей Аграрлық несие корпорациясының филиалдары арқылы және қаржы институттары арқылы да беріледі. Басқа қаржы институттары арқылы берілген барлық несиелердің үлесі шамамен 72%-ға жетті.

3-слайд. Кредиттерге кепілдік беру

Ауылдық жерлерде кепілзаттың жетіспеушілігін шешу үшін «Даму» қорының кепілдік беру құралы қолданылуда. Кепілдік кредит сомасының 85%-ын жабады, бұл несиелерді көптеген шағын және орта ауылшаруашық кәсіпкерлер үшін қолжетімді.

Кепілдендіру бағдарламасы алғаш рет 2024 жылы енгізілді. Сол жылы 76 млрд теңге сомасына кепілдіктер берілді. Өткен жылғы егіс және жинау жұмыстарына 201 млрд теңге сомасына кепілдіктер қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта 209 млрд теңге сомасына 1,5 мың кепілдік берілді, осылайша 246 млрд теңгеге несиелер беруге мүмкіндік туды. Бұл барлық берілген кредиттердің жартысына сәйкес.

4-слайд. Ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету

Ауыл шаруашылық кәсіпкерлерді қажетті заманауи техникасымен қамтамасыз ету үшін ҚазАгроҚаржы жылдық 5%- бен, жеңілдетілген лизинг бағдарламалары іске асырылуда. Лизинг мерзімі 10 жылға дейін.

Жыл басынан бері жалпы сомасы 180 млрд теңгеге 5,1 мың ауыл шаруашылық техника лизингке берілді, оның ішінде 100 егін егу кешені, 326 комбайн, 2,3 мың трактор және 2,3 мыңнан астам басқа техника.

Лизинг көлемінің 90% - зы отандық өндіріс техникасы екенін атап өткен жөн.

Жалпы, 2026 жылы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингіне кемінде 310 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр.

Өткен жылы жалпы барлық қаржыландыру көздері есебінен ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 6,5%-ға жетті.

Кредиттер, кепілдіктер, және ауыл шаруашық техникасын лизингке алу бойынша өтінімдердің түсуі жалғасуда.

Ауыл шаруашылық кәсіпкерлерді қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесі Холдингтің тұрақты бақылауында.

Баяндама аяқталды.

Назарыңызға рахмет!

Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар