- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!

Құрметті Олжас Абайұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері!
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде (25.12.2024 ж. № 1102 ҚР ҮҚ) Холдинг қаржы операторы болып бекітілді және табиғи монополиялар субъектілерінің жобаларын қарастырып, келесі құралдар арқылы қаржыландыру тетіктерін айқындайды:
Қазақстанның Даму Банкі, екінші деңгейдегі банктер және халықаралық қаржы ұйымдары арқылы тікелей несие беру, сондай-ақ Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы арқылы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу арқылы қаржыландыру.
Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Холдинг 47 табиғи монополия субъектісінің жалпы сомасы 625 млрд теңге болатын 318 жобасын қарап, мақұлдады, оның ішінде:
- Қазақстанның Даму Банкі 51,9 млрд теңгеге жобаларды мақұлдады;
- екінші деңгейдегі банктер желісі бойынша табиғи монополиялардың жеке меншік субъектілерін 211,6 млрд теңгеге қаржыландыру мақұлданды;
- халықаралық қаржы ұйымдарының желісі бойынша 233,9 млрд теңге сомасына жобалар мақұлданды;
- Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы 127,6 млрд теңге сомасына жобаларды қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын сатып алды;
Бюджеттік кредит шеңберінде ағымдағы жылы республикалық бюджеттен көзделген 50 млрд теңгенің 37,5 млрд теңгесі алынды.
Бұл қаражат нарықтық қарыздармен араластыруға бағытталады, бұл өңірлерді қаржыландырудағы түпкі мөлшерлемені жылдық 19,0%-дан 13,0%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Бюджеттік кредит беру тетігінің мультипликативтік әсері бар, нақты айтқанда 50 млрд теңге бюджеттік кредитпен Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы нарықтан 150 млрд теңге қаржы тартып, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу көлемін 200 млрд теңгеге дейін ұлғайтты.
Бағалы қағаздарды сатып алу тетігі шеңберінде әкімдіктер 2027 жылға ауысатын қаржыландыру көлемін қосқанда, жалпы құны 293,3 млрд теңге болатын 132 мемлекеттік Табиғи Монополия Субьектілерінің жобасын мәлімдеді.
Ағымдағы жылға мәлімделген 188,5 млрд теңгеден Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы 127,6 млрд теңгеге жобаларды қаржыландырды.
Әкімдіктердің бағалы қағаздары 3-тоқсанда 40,6 млрд теңгеге, 4-тоқсанда 20,3 млрд теңгеге қосымша сатып алынады.
Бюджеттік кредит есебінен қаржыландыру мөлшерлемесінің төмендегенін және облигациялық қарыздарға қызмет көрсету үшін жергілікті бюджеттерге түсетін жүктеменің азайғанын ескере отырып, 2027 жылы Қазақстан Тұрғын үй Компаниясын 50 млрд теңгеге капиталдандыру қажет, бұл қосымша 150 млрд теңгеге дейін нарықтан қарыздар тартуға және өңірлерді қаржыландыруды 200 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Холдинг 16 өңірде 127,6 млрд теңгеге жобаларды мақұлдады және қаржыландырды, Ұлытау облысы және Шымкент қаласындағы жобалар әзірленуде, Қызылорда облысындағы және Алматы қаласындағы жобалар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.
Сонымен қатар, бірқатар өңірлер бағалы қағаздар шығару үшін мәслихаттар сессиясын жедел өткізуі тиіс, сессия өткізген региондар Қаржы министрлігінің тиісті бұйрықтарын алуы қажет.
Бұлар – БҚО, Абай, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Ақмола және Түркістан облыстарының әкімдіктері. Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстарында мәслихаттар өткізілмеген.
Құрметті Олжас Абайұлы!
Барлық қойылған міндеттер уақытылы орындалады.
Баяндама аяқталды!