Кеңес ал!

01.10.2026

«Бәйтерек» Холдингінде тұрғын үй қорын сақтау және басқару мәселелері талқыланды

«Бәйтерек» Холдингінде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және пайдалану, тұрғын үй қорын сақтау және кәсіби басқаруды дамыту мәселелеріне арналған Қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының (ҚТК), энергетикалық ұйымдардың, сондай-ақ кәсіби және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Негізгі назар тұрғын үй объектілерін салудан пайдалануға беру кезеңіне өту кезінде туындайтын жүйелі мәселелерге аударылды. Қатысушылар техникалық құжаттаманы беру, инженерлік инфрақұрылымды күтіп ұстау, ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру және басқарудың цифрлық құралдарын енгізу мәселелерін қарастырды.

Тұрғын үй саласын қолдаудың қолданыстағы мемлекеттік және қаржылық тетіктері, сондай-ақ басқарушы ұйымдар мамандарының кәсіби құзыреттерін дамыту мүмкіндіктері жеке талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар одан әрі бірлескен жұмыстың бағыттарын айқындады. Олардың қатарында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару тетіктерін жетілдіру, оларды пайдалану сапасын арттыру және тұрғын үй қорының ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз ету бар.

Көбірек көрсет

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар