Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Қоғамдық кеңесінің он үшінші отырысы Кеңес мүшелері мен Холдинг өкілдерінің қатысуымен өтті.
Отырыста Холдингтің 2024–2033 жылдарға арналған түзетілген Даму жоспары, оның ішінде стратегиялық бағыттар, қызметтің негізгі көрсеткіштері және одан әрі даму басымдықтары қаралды.
Сондай-ақ Холдингтің 2026–2028 жылдарға арналған Тұрақты даму жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша Тұрақты даму, ESG және инвестициялар тарту жөніндегі комиссия отырысының қорытындылары қаралды. Кеңес Green Urban және Coca-Cola Kazakhstan компанияларымен бірлесіп іске асырылатын Smart Water Zone жобасы бойынша ақпараттық әріптестік және жоба туралы ақпаратты Холдингтің еншілес ұйымдарына жіберу жөніндегі ұсынысты қолдады.
Холдингтің отандық тауар өндірушілерді қолдау, елішілік құндылықты дамыту, цифрлық және талдамалық құралдарды енгізу, сондай-ақ қаржыландырылатын жобалар мен сатып алулардағы отандық қамту үлесін арттыру жөніндегі жұмысы жеке қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес түзетілген Даму жоспары туралы ақпаратты назарға алды және Тұрақты даму, ESG және инвестициялар тарту жөніндегі комиссия мен Кәсіпкерлікті және ШОБ-ты дамыту жөніндегі комиссия отырыстарының хаттамаларын бекітті.