Кеңес ал!

04.06.2026

«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Қоғамдық кеңесінің он екінші отырысы өтті

«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Қоғамдық кеңесінің он екінші отырысы Кеңес мүшелерінің, Холдингтің, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ және «Отбасы банк» АҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Отырыста «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның 2025 жылғы және 2026 жылдың бес айындағы қызметі қаралды. Тұрғын үй саясатын қолдаудың негізгі құралдары таныстырылды. Олардың қатарында үлестік құрылысқа кепілдік беру, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру, ипотекалық тетіктер, кезекте тұрған азаматтар үшін тұрғын үй сатып алу, реновацияны қолдау және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бар.

Сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ-ның тұрғын үй саясаты реформасын іске асыру, кезекте тұрған азаматтармен жұмыс істеу, кредиттік және жалға берілетін тұрғын үйді бөлу, жеңілдетілген ипотекалық қарыздар беру және жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау жөніндегі қызметі қаралды. Бизнес-процестерді автоматтандыруға және мемлекеттік қолдаудың атаулылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған заңнамалық бастамаларға ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес ұсынылған ақпаратты назарға алды.

04.06.2026 ж. №12 ОЖ ХАТТАМАСЫ

Көбірек көрсет

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар