Кеңес ал!

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 1-бабы 1 - тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары, Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (бұдан әрі - квазимемлекеттік сектор субъектілері) құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар қоғамдық кеңестер болып табылады.

Қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты – әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру.

Қоғамдық кеңестердің міндеттері:

  • азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;
  • орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;
  • қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғамдық кеңестер өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:

  • тәуелсіздік;
  • дербестік;
  • мүшелерінің қоғамдық негіздегі қызметі;
  • жариялық
  • автономдық;

Квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне мыналар жатады:

  • стратегиялар мен даму жоспарларының жобаларын талқылау;
  • қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру;
  • есептерді талқылау және стратегиялар мен даму жоспарларының орындалуына мониторинг жүргізу;
  • қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту;
  • қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талқылау;
  • Заңда көзделген нысандарда қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік органдарға енгізу;

Республикалық және жергiлiктi деңгейдегi қоғамдық кеңестер мен олардың құрамын жұмыс топтары құрады, олардың жетекшiлерi азаматтық қоғамды ұсынатын жұмыс топтарының мүшелерi арасынан дауыс беру арқылы сайланады.

Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік ету жұмыс тобы мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспауы керек. Осы өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы өз бетінше айқындайды.

Азаматтық қоғам өкілдері жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде құрылады.

Республикалық және жергілікті деңгейлердегі қоғамдық кеңестер мен олардың құрамдарын жетекшілері азаматтық қоғамнан өкілдік ететін жұмыс топтарының мүшелері арасынан дауыс беру арқылы сайланатын жұмыс топтары қалыптастырады.

Холдингтің Қоғамдық кеңесін құру бойынша жұмыс тобының құрамы

Холдингтің Қоғамдық кеңесінің құрамы

Қоғамдық кеңесі туралы ереже

Қоғамдық кеңестің
отырыстары
13.02.2026
«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ басшылығы Холдингтің Қоғамдық кеңесімен даму бағыттарын талқылады

13 ақпанда «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшиннің қатысуымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

18.12.2025
«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Қоғамдық кеңесінің тоғызыншы отырысы өтті

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Қоғамдық кеңесінің тоғызыншы отырысы өтті. Отырыс холдинг қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және қоғаммен өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне арналды. Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, холдингтің және оның еншілес ұйымдарының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

23.10.2025
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қоғамдық кеңесінің сегізінші отырысы өтті

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) ашықтықты одан әрі нығайту және қоғаммен диалогты кеңейту мақсатында Қоғамдық кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) сегізінші отырысын өткізді. Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

15.09.2025
Мемлекет басшысының Жолдауының міндеттерін іске асыру Холдингтің Қоғамдық кеңесі отырысының негізгі тақырыбына айналды

2025 жылғы 15 қыркүйекте Кеңес мүшелері мен Холдинг басшылығының қатысуымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қоғамдық кеңесінің жетінші отырысы өтті. Кездесу Мемлекет басшысының «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер мен олардың шешімдері» атты халыққа Жолдауында белгіленген басымдықтарды ашық талқылау үшін маңызды алаңға айналды.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар