- Холдинг туралы
«Бәйтерек» холдингі өзінің беделін жоғары бағалайды және Іскерлік этика кодексін қатаң ұстанады. Біз қызметкерлер мен серіктестеріміздің жұмыста адалдық пен ашықтық қағидатын сақтауын, өздері қабылдаған шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Осыған байланысты, «Бәйтерек» холдингінің орталық аппараты мен компаниялар тобына қатысты кез келген бұзушылықтарды уақытылы анықтау және болдырмау үшін өтініштерді кәсіби және құпия қарау үшін байланыс арналары бар екенін хабарлаймыз.
Осылайша:
7077 бірыңғай нөмірі бойынша Холдингтің еншілес ұйымдарының өнімдері мен қызметтері бойынша және «Bgov» бизнесті қолдаудың бірыңғай порталын пайдалану бойынша кеңес ала аласыздар, сондай-ақ бизнесті қолдау бағдарламалары туралы өзекті ақпарат ала аласыздар.
Қоңырау шалу ҚР барлық мобильді операторларының абоненттері үшін тегін.
сондай-ақ корпоративтік жанжалға және мүдделер қақтығысына әкелуі мүмкін фактілер мен жағдайлар бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Омбудсменіне +7 (7172) 907-817 телефоны арқылы, сондай-ақ ombudsmen@baiterek.gov.kz электрондық мекенжайына немесе пошта арқылы, мына мекен-жай бойынша: 010000, Қазақстан Республикасы, Z05Т3Е2, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А үй, Омбудсменге хабарласуларыңызды сұраймыз.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс қызметіне +7 (7172) 955-988 телефоны бойынша, сондай-ақ compliance@baiterek.gov.kz электрондық мекенжайына немесе пошта арқылы: 010000, Қазақстан Республикасы, Z05Т3Е2, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А үй мекен-жайына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс қызметінің басшысына хабарласуыңызға болады.
Құпиялылықты қамтамасыз ету мақсатында, Холдингтің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының жекелеген қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі іс-әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық және алаяқтық мәселелері бойынша өтініштері Холдингтің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес тек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіне жіберіледі және тіркеледі.