Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген

Бағдарламаның паспорты

Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы;

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мақсаты

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту
Міндеттері 1-міндет. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.

2-міндет. Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

3-міндет. "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау.

4-міндет. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқыту.

5-міндет. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.

6-міндет. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микрокредит беруді кеңейту.

7-міндет. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілетін кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіру.

8-міндет. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.

9-міндет. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және жұмыссыздар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу.

10-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

11-міндет. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту.

12-міндет. "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру.
Іске асыру мерзімдері 2017 – 2021 жылдар
Нысаналы индикаторлар Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2021 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:

1) жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан аспайтын болады;

2) жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20 %-дан аспайды;

3) жұмыспен қамтылған халықтың басқа да санаттары құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі 9,0%-дан аспайды;

4) белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің өсуі 10%-ды құрайды

Бағдарламаны іске асыру

Холдингтің еншілес компанияларының мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысуы

Холдингтің еншілес компаниялары Мемлекеттік бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағытын іске асыруға қатысады. Холдингтің еншілес компаниялары Мемлекеттік бағдарламаны бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – АНК) ауылдық елді мекендердегі және шағын қалалардағы Мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға кейіннен микрокредит беру үшін микроқаржы ұйымдарын (бұдан әрі – МҚҰ) және кредиттік серіктестіктерді (бұдан әрі – КС) қорландыруды жүзеге асырады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі – АШҚҚҚ) тікелей микрокредит беруді жүзеге асырды, ал 2021 жылғы қарашаға дейін ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда КС пен МҚҰ қарыздарына кепілдік беруді жүзеге асырған. 2021 жылғы желтоқсанда АШҚҚҚ АНК-ға тікелей микрокредит беру функциялары бере отырып қосылды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – Даму) қалалар мен моноқалалар шеңберінде екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) қорландырады және кредиттер бойынша кепілдіктер береді, оның ішінде 2021 жылғы қарашадан бастап ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кредиттерге кепілдік беру бойынша АШҚҚҚ-ның функцияларын қабылдады.

Түпкі қарыз алушылар мынадай негізгі шарттармен кредит/микрокредит ала алады:

1) кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;

2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6% (аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелері үшін 4%);

3) жеңілдікті кезең – кредит мерзімінің үштен бірінен аспайды;

4) қарыздың ең жоғары сомасы:

  • ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 8,0 мың АЕК-ке дейін;

  • қалаларда, моноқалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) – 6,5 мың АЕК-ке дейін;

  • Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында – 8,0 мың АЕК-ке дейін.

КС, МҚҰ және ЕДБ-да кредиттер/микрокредиттер алу кезінде кепілмен қамтамасыз ету жетпеген кезде, Даму кепілдігін мынадай негізгі шарттармен алуға болады:

1) ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін – кепілдік қарыз сомасының 85%-ына дейін;

2) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияға қатысушылар үшін –қарыз сомасының 50%-ына дейін;

3) аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелері үшін – қарыз сомасының 95%-на дейін;

4) кепілдендіруге жататын кредит/микрокредит сомасы 8 мың АЕК-ке дейін;

5) кепілдік тегін беріледі.

Қаржыландыру және кепілдендіру шарттары туралы толық ақпаратты Холдингтің аталған еншілес компанияларының сайттарынан немесе компанияның сізге жақын орналасқан филиалдарына хабарласып біле аласыз.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру

Кредит беру (қаражатты бастапқы игеру)

 

2017

2018

2019

2020

2021

Қаржыландыру көлемі, млрд. теңге

32,87

59,9

82,06

59,52

48,7

АШҚҚҚ оның ішінде

16,6

30,0

47,38

42,89

36,2

АКК оның ішінде

11,37

15,5

17,38

12,53

12,5

ДАМУ оның ішінде

4,9

14,4

17,3

4,1

-

Микрокредиттер саны, бірлік

7 485

14 114

17 705

12 731

9 639

АШҚҚҚ оның ішінде

4 638

8 256

12 554

9 584

7 226

АКК оның ішінде

2 394

4 547

3 627

2 810

2 413

ДАМУ оның ішінде

453

1 311

1 524

337

-

Кепілдіктер беру 

Жылы кепілдік беру

кепілдік Саны, бірлік

Сомасы, кепілдік, млрд. теңге

АШҚҚҚ

ДАМУ

АШҚҚҚ

ДАМУ

2017

248

167

1,0

0,9

2018

553

488

1,6

0,3

2019

341

659

1,0

0,4

2020

391

304

1,2

1,6

2021

433

62

0,7

0,3

БАРЛЫҒЫ

1 966

1 702

5,5

9

 Нормативтік құқықтық актілер:

Барлық бағдарламалар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар