Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 732 қаулысы

ЖОБАНЫҢ ПАСПОРТЫ

Атауы

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба (бұдан әрі - ұлттық жоба)

Ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты

Еңбек өнімділігін екі жарым есе арттыру, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын екі есе ұлғайту және отандық өндірістің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен құру

Іске асыру мерзімі

2021 - 2025 жылдар

Күтілетін экономикалық әсер (сандық мәнде)

ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға еңбек өнімділігін 6,2 млн теңгеге дейін ұлғайту;

өңделген өнім үлесін 70 %-ға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 6,6 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту;

ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын 2019 жылғы 115,4 мың теңгеден 2025 жылы 230,8 мың теңгеге дейін арттыру;

1 млн ауыл халқының табысын ұлғайту;

1 млн ауыл тұрғынының табысын ұлғайта отырып, экожүйелерге 350 мың фермерлік және үй шаруашылығын тарту

Ауыл шаруашылығында 500 мыңға дейін адамды жұмыспен, оның ішінде:

- 100 мың тұрақты жұмыс орнымен,

- 400 мың маусымдық жұмыс орнымен қамтамасыз ету.

Күтілетін әлеуметтік әсері (сапалық және/немесе сандық мәнде)

Азық-түлік тауарларымен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) 80 % деңгейінде қамтамасыз етілу

Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемі:

2021                471,9 млрд теңге

2022                414,1 млрд теңге

2023                485,6 млрд теңге

2024                674,8 млрд теңге

2025                656,9 млрд теңге

ЖИЫНЫ        2 703,3 млрд теңге

Бюджеттен тыс қаражат көлемі:

2021                807,6 млрд теңге

2022                1 052,5 млрд теңге

2023                1 028,3 млрд теңге

2024                472,2 млрд теңге

2025                739,4 млрд теңге

ЖИЫНЫ        4 100,0 млрд теңге

Ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ұлттық жобаның іске асырылуына жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (келісу бойынша), «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (келісу бойынша), «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (келісу бойынша), «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (келісу бойынша).

Ұлттық жобаның жетекшісі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

Ұлттық жобаның кураторы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Скляр

Холдингтің еншілес және тәуелді компанияларының ұлттық жобаны іске асыруға қатысуы

Холдингтің еншілес және тәуелді компаниялары ұлттық жобаны іске асыруға бюджеттік, меншікті және тартылған қаражат есебінен қаржылық қызметтер көрсету арқылы қатысады. Ұлттық жобаны іске асыруды 2021 жылғы наурызда Холдингке қосылған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кірген Холдингтің мамандандырылған салалық еншілес және тәуелді ұйымдары жүзеге асырады. Бұл компаниялардың банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - АНК) инвестициялық жобаларға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына кредит беруді жүзеге асырады, кейіннен АӨК субъектілерін қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді, кредиттік серіктестіктерді, микроқаржы ұйымдарын, лизингтік компанияларды қорландырады.

Қаржыландыру сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды ескере отырып (ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге және қайта өңдеуге бюджеттен тыс қаражат есебінен) жылдық 1,5%-дан бастап (егіс және егін жинау науқанын жүргізуге арналған бюджет қаражаты есебінен) жылдық 6%-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады. Кредиттеу мерзімі қорландыру көздеріне байланысты 12 жылға дейінгі мерзімді құрайды.

2021 жылғы желтоқсанда АӨК-дегі сақтандыру саласындағы операторға микрокредит беру жөніндегі функцияларды бере отырып, АНК-ға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі - АШҚҚҚ) қосылды.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ (бұдан әрі - ҚАҚ) лизингке ауыл шаруашылығы техникасы мен арнайы техниканы сатып алу бойынша қызметтерді ұсынады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Холдинг ағымдағы жылғы 25 шілдеде ҚАҚ акцияларының 100%-ын АНК-ға берді.

Сатып алынатын техниканың түріне байланысты 10 жылға дейінгі мерзімге субсидиялауды ескере отырып, ауыл шаруашылығы техникасы мен арнайы техниканы лизингке жылдық 6%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесі бойынша сатып алуға болады. Бұл ретте лизинг алушының мемлекеттен ауыл шаруашылығы техникасы құнының 25%-ына дейінгі мөлшерде субсидия алу мүмкіндігі бар, ол аванстық төлемді төлеу есебіне де жіберілуі мүмкін.

Холдинг компаниялары беретін қарыздардың қаржыландырылатын жобаның салалық ерекшелігіне байланысты негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі болады. Екінші деңгейдегі банктермен салыстырғанда кепілдік саясаты клиенттерге бейілді, ауылдық жерлерде өтімділігі төмен кепілдік мүлікті қабылдауға мүмкіндік береді.

Қаржылық қолдау бағдарламаларының шарттары туралы толық ақпаратты Сіз Холдингтің көрсетілген компанияларының сайттарынан немесе компанияның жақын арадағы филиалдарына хабарласып ала аласыз.

АӨК қаржыландыру

                                                                                                                млрд. теңге

  2021 жыл  

  2022 жыл  

  2023 жыл  

Қаржыландыру көлемі  

464,2

522,3

529,1

АНК

322,5

351,2

350,3

ҚАҚ

141,7

171,1

178,8


АӨК-ті дамыту ұлттық жобасының міндеттері шеңберінде 2023 жылдың қорытындысы бойынша АНК мен ҚАҚ аграрлық секторды қаржыландыруға 529,1 млрд. теңге бағыттады, бұл 2022 жылғы қаржыландыру көлемінен 1,3%-ға артық. Оның ішінде АНК АӨК субъектілерін 350,3 млрд. теңгеге, ҚАҚ 178,8 млрд. теңгеге қаржыландырды.

2023 жылы жалпы қаржыландыру көлемінің 92%-ы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі. АНК мен ҚАҚ кредит портфеліндегі белсенді қарыз алушылардың жиынтығы шамамен 86 мыңды құрады.

Сонымен қатар, АНК Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асыратын жастарға микрокредит беру бағдарламасы бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) болып табылады. Бағдарлама аясында 2023 жылы 25,6 млрд теңгеге 7,2 мың микрокредит берілді.


Нормативтік құқықтық актілер:

·       «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

·       Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба

·       Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары

·       Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары

Барлық бағдарламалар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар