17.02.2022

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар 9,6 мың микрокредит алып, бизнеспен айналысуда

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар 9,6 мың микрокредит алып, бизнеспен айналысуда

«Бәйтерек» холдингі нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға 57 млрд теңге бөлді. Бұл қолдау 2021 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көрсетілді.

Бағдарламаның мақсаты – шағын бизнесті дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу. Ол 2017 жылы іске қосылды, оның кейбір бағыттарын «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары жүзеге асырады.

Мәселен, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерді қорландырады, сондай-ақ өткен жылдың желтоқсанынан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қосылғаннан кейін тікелей микрокредиттер бере бастады. Нәтижесінде, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар мен шағын кәсіпкерлер өз бизнесін ашу немесе дамыту үшін 9,6 мың микрокредит алды.

Тағы бір еншілес ұйым – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ екінші деңгейдегі банктерді қорландырып, микрокредиттер бойынша кепілдіктер береді.

Микрокредит алушылар қатарындағы стартап-жобалар мен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің үлесі 64%. Айта кететіні, 4% мөлшерлеме бойынша жеңілдікпен берілген 1,5 мың микрокредитті аз қамтылған немесе көп балалы отбасы санатына жататын адамдар алды.

Жалпы, «Еңбек» бағдарламасы бойынша бөлінген 57 млрд теңгенің 36,2 млрд теңгесі тікелей микрокредит беруге, 12,5 млрд теңгесі микроқаржы ұйымдарын, кредиттік серіктестіктерді қорландыруға, ал 8,3 млрд теңгесі екінші деңгейдегі банктерді қорландыруға (қайта игеру) бағытталды. Осы қолдаудың арқасында 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар