Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А Экран дикторы

03.04.2026

Жергіліктендіруден экспортқа дейін: «Бәйтерек» холдингі машина жасау саласын қолдау тетіктерін таныстырды

Кеңес ал!

03.04.2026

Жергіліктендіруден экспортқа дейін: «Бәйтерек» холдингі машина жасау саласын қолдау тетіктерін таныстырды

Жергіліктендіруден экспортқа дейін: «Бәйтерек» холдингі машина жасау саласын қолдау тетіктерін таныстырды

2026 жылғы 2–3 сәуірде Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы өтуде. Бұл – саланы дамыту мәселелері бойынша мемлекет пен бизнес арасындағы негізгі диалог алаңы. Іс-шараға 1 000-нан астам қатысушы, оның ішінде 20-дан астам елден келген 100-ден аса шетелдік делегат қатысты. «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ форумның екі негізгі панельдік сессиясына қатысты.

«Машина жасауды дамытудың кешенді жоспарын іске асыру» тақырыбындағы сессияда Холдинг Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы сөз сөйлеп, саланы қаржылай қолдаудың қолданыстағы тетіктерін таныстырды.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры толықтай машина жасау секторына бағытталды. Қазіргі жобалар қоржынында автокөлік, теміржол, ауыл шаруашылығы және электр машина жасау бағыттарына басымдық берілген. Нарықта сұраныс туындаған жағдайда жаңа қаржылық құралдарды іске қосуға дайынбыз», – деді Жандос Шайхы.

«Қазақстанның инвестициялық әлеуеті: машина жасау саласын дамытудағы шетелдік серіктестердің рөлі» атты сессияда Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов сөз сөйледі. Ол Қазақстанда өндірісті жергіліктендіруді қарастырып отырған шетелдік компаниялар үшін кешенді қолдау жүйесін таныстырып, Холдингтің жаңартылған даму моделінің негізгі басымдықтарын атап өтті.

«Бүгінде елдің бәсекеге қабілеттілігі тек тартылған капитал көлемімен ғана емес, сол капиталдың өндіріс орындарына, технологияларға, құзыреттерге және экспортқа қаншалықты тиімді айналдырылуымен айқындалады. Сондықтан шетелдік корпорациялармен бірлескен өндірістерді дамыту біз үшін стратегиялық басымдық болып табылады», – деді Тимур Онжанов.

«Бәйтерек» холдингі машина жасау жобаларын қолдауға арналған құралдардың кең ауқымына ие. Олардың қатарында инвестициялық және лизингтік қаржыландыру, кепілдік беру тетіктері, экспортты сақтандыру және еншілес ұйымдар арқылы жүзеге асырылатын үлестік қаржыландыру бар. Іске асырылған жобалардың қатарында жылына 90 000 автокөлікке дейін өндіретін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті автозауыт және Қостанай қаласындағы SaryarkaAvtoProm CKD өндірісі бар. Бұл жобалар шамамен 8 000 жұмыс орнын құрды.

Форумды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастырды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар