18.07.2018

Жекешелендіру мәселелері жөніндегі ҚР Үкіметінің отырысы

Жекешелендіру мәселелері жөніндегі ҚР Үкіметінің отырысы

2018 жылғы 17 шілдеде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен өткен ҚР Үкіметінің отырысында жекешелендіруді жүргізу барысы қаралды. Қосымша баяндамашылардың бірі болып «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының Төрағасы Айдар Арифханов сөз сөйледі.

 

А. Арифханов жекешелендіру аясында холдингтің жұмысы «Қазақстанның инвстициялық қоры» АҚ-ның (ҚИҚ) жеті еншілес ұйымын, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (ТДҰА) сегіз еншілес ұйымын сатуды, сондай-ақ сол ТДҰА және «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ үшін стратегиялық серіктестер немесе инвесторлар іздеуді қамтитындығын айтып өтті.

«Бүгінгі күні Қазақстанның инвестициялық қорының активтерін жекешелендіру рәсімі іс жүзінде аяқталды. ҚИҚ-ның жеті жекешелендірілетін активтерінің бесеуі жүзеге асырылды, екі актив бойынша тарату рәсімдері іске асырылуда»,-деді А. Арифханов.

Холдингтің Басқарма Төрағасы Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкіне инвестор іздеу үшін он бір халықаралық компаниялармен келіссөздер жүргізетіндігін хабарлады. Жекешелендіру бойынша инвестиция алдындағы сараптама нарықтағы өзгерістерге сәйкес және 2018 жылдың қыркүйегіне  жоспарланған «Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Заңға қажетті түзетулер енгізу арқылы жалғасатын болады деп күтілуде.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар