07.01.2025 08:00:00
- Холдинг туралы
13 желтоқсанда Алматы қаласында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Шайхы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының ұжымымен жиналыс өткізді.
Жиналыс барысында кәсіпкерлерді қолдау механизмдерін жетілдіру, соның ішінде мемлекеттік қаржыға айтарлықтай тәуелділікті азайтатын нарықтық құралдарға көшу мәселелері қаралды. Жандос Шайхы кепілдік қоры тұжырымдамасының өзектілігіне тоқталып, былай деді:
«Ұсынылған механизм бюджет қаражатын тиімді пайдалануға ғана емес, бизнесті қолдаудың нарықтық құралдарын нығайтуға мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз – мемлекеттік шығындарды барынша азайтып, әлеуметтік-экономикалық тиімділікті сақтап қалу».
Тәуекел-менеджмент департаментінің директоры – Басқарушы директор Алмас Құдайберген мүдделі тараптармен бірлесіп әзірленген кепілдік қорының жаңартылған тұжырымдамасын ұсынды.
Жиналыс қорытындысы бойынша қатысушылар кәсіпкерлікті қолдау тиімділігін арттыруға бағытталған нақты қадамдарды айқындады.