19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов бүгін ҚР Үкіметінің отырысында сөз сөйлеп, холдингтің жаңа тұрғын үй саясаты шеңберіндегі жұмысы туралы айтып берді.
Қолжетімді баспанаға нарықтық инвестиция
Айдар Әріпханов қазіргі уақытта, несиелік тұрғын үй құрылысы бойынша әкімшілік қорында 387 млрд теңге бар екенін, әр 2 жыл сайын циклдық мәнге ие екенін хабарлады. Оның айтуынша, құрылыс көлемін арттыру үшін бірыңғай оператор нарық жағдайында қосымша 61 млрд теңге бөле алады.
- Бөлінетін қаражат ағымдағы көлемдермен микширлеуге бағытталатын болады, бұл әкімдіктердің облигацияларын жылдық 4,25% бірыңғай мөлшерлеме бойынша сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл қаражат айналымын 448,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға 2,5 млн шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік береді, - деп хабарлады «Бәйтерек» холдингінің басшысы.
Ағымдағы жылы нарық жағдайында шамамен 300 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Холдингтің басқарма төрағасы атап өткендей, әлеуетті инвесторлар ретінде коммерциялық банктер, сақтандыру және қаржы ұйымдары ішкі және ресейлік нарықтарда қарастырылуда. Бірінші тоқсанда Еуразиялық Даму Банкімен және Ресей Сбербанкімен келіссөздер аяқталады.
Сонымен қатар, еркін кепілдік базасының болмауына байланысты банктерден коммерциялық несие ала алмайтын қаржылық - тұрақты құрылыс салушыларды қолдау үшін жобалық қаржыландыру тетігін енгізу ұсынылады.
Үкімет отырысында сөз сөйлеген «Байтерек» холдингінің басшысы, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, табысы бір айлық есептік көрсеткішінен төмен кезекте тұрғандар үшін жеке жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау тетігі әзірленгенін айтты.
Қауіпсіз үлестік құрылыс
Айдар Әріпфханов, жауапсыз құрылыс салушылардың үлестік тұрғын үй құрылысы саласындағы заңнаманы бұзуын жеке проблема ретінде анықтады. Оның айтуынша, соңғы екі жылда осындай 100-ден астам компания анықталған.
- Қаржылық тұрақсыз компаниялар сапалы және арзан тұрғын үйге уәде бере отырып, әртүрлі кооперативтер, одақтар, жарналар арқылы халықтың салымдарын ашық түрде тартады. Сонымен қатар, бұл жағдайда құрылыстың аяқталуына ешкім кепілдік бермейді. Қолданыстағы екі тәсілді ғана сақтау ұсынылады: кепілдік беру тетігі және екінші деңгейлі банктер арқылы жобалық қаржыландыру, - деді «Бәйтерек» холдингінің басшысы.
Сонымен қатар, ол халықтың қаражатын бөлуге құқылы құрылыс компанияларының қарапайым және барлығына түсінікті рейтингін енгізу қажет деп санайды.
-Қағида келесідей - қаржылық тұрғыдан орнықты компаниялар үшін кепілдендірудің қолданыстағы тетігі сақталады. Рейтингі төмен компаниялар үшін бірыңғай оператор белгіленген бағалар бойынша халықтан үлестік салымдарды тікелей тартатын және арнайы эскроу-шоттағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ететін болады. Өз кезегінде коммерциялық банктер халыққа салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға қосымша кепілсіз ипотека бере алады, - деді ұлттық холдингтің басқарма төрағасы.
Айдар Әріпханов жоғарыда көрсетілген шаралар ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысының жоспарланған көлеміне қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенімді.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпхановтың толық баяндамасын мына сілтеме бойынша оқыңыз>>