16.05.2019

Венчурлік инвестициясыз Facebook болмас еді

Венчурлік инвестициясыз Facebook болмас еді

Шетелдік сарапшылар Нұр-сұлтан қаласындағы Астана экономикалық форумы алаңында венчурлік инвестициялар саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті және оның шеңберінде инвестицияланатын жобалардың анықтылығы болмағанына қарамастан, бұл салаға жарқын болашақ болжайтыны туралы айтып берді.

 

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ бес танымал шет елдік сарапшыларды жинады. Холдинг Венчурлық капиталдың дамуында мемлекеттің атқаратын рөлін талқылауға арналған панельдік сессияны ұйымдастырды. Қазақстан үшін бұл жаңа бағыт, оны қазіргі таңда қалыпты болмыс ретінде қабылдауымыз қажет, деп санайды Холдингтің Басқарушы директоры Әділ Нұрғожин. 

 

- Венчурлік инвестициялар өте ерекше құрал. Бұл жоғары тәуекелді инвестициялар, ал олардың дамуы ұзақ уақытты талап етеді. Бірақ онсыз жаңа индустрия болмас еді. Интернет, Facebook, Кремний алқабы және т.б. болмас еді. Бізде тіпті бұл процесске қатысу немесе қатыспауға болады деген таңдау да жоқ. Көш соңында қалып қоймас үшін, оған қатысуымыз қажет. Біз қазірдің өзінде артта қалып қойдық деуге болады, енді біз бос тауашаларды табу үшін қарқынды түрде жылжуымыз керек. біздің міндет өте жылдам қуыруға болатын тауашаларды табу. Тағы да, базалық экономикалық салаларға басты назар аударамыз, ол – тау-кен металлургия секторы, мұнай өңдеу, аграрлық секторда терең қайта өңдеуде барлық мүмкін болатын технологияларды пайдалану. Тек технологиялық шешімдер ғана тиімді болуы мүмкін. Ал оны венчурлық индустриясыз жасау мүмкін емес. Мәселе оны қалай жақын арада және тиімді жасауға болатынында, - дейді Әділ Нұрғожин.

 

2

 

Оның айтуынша, Қазақстан көбінесе Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі венчурлік капиталмен жұмыс істеу тәжірибесіне қызығушылық танытады, себебі бұл саланы олар жақында ғана дамыта бастаған, ал АҚШ-та бұл процесс 60 жыл бойы іске асырылып келеді.  

 

- Қазіргі таңда бұл саланы жүзеге асыру қолынан келіп жатқандармен жұмыс істейік. Тәжірибеміз де ұқсас, технологиялылық жағынан да айтарлықтай алға жылжып кеткен жоқ, алайда олардың нарықтары керемет. Сингапурдан 1,5 сағат алшақтап ұшу радиусында 650 елді мекендер бар, олардың экономикасы 6-9% өсіп келеді жәнеде әлі де солай өседі. Біз осы нарықтарға өзіміздің шешімдерімізбен, өзіміздің стартаптарымызбен шығып, оны қалай да біріктіруге тырысып көрмекпіз, - деп қосты ол.

 

Қазақстандық әріптесінің сөзін Таиланд Инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттіктің атқарушы директоры Пун-Ардж Чайратана (Pun-Arj Chairatana) растады. Ол әлемдегі инновациялық технологиялар мен өнімдердің пайда болу қарқыны Венчурлік капитал индустриясының даму деңгейіне тікелей байланысты екенін, ал ол өз кезегінде оң инвестициялық климат құратынын атап өтті.

 

3

 

- Венчурлік капитал нарығы Таиландта шамамен жиырма жыл бұрын, Азияның көптеген жетекші дамушы елдерінде қалыптаса бастаған кезде құрылған. Соңғы бес жылда Таиландтағы капитал мен инвестициялар нарығы стартаптарға және әлеуеті жоғары компаниялардың халықаралық сатып алуына байланысты ең белсенді секторлардың бірі болып табылады, - деп атап өтті Пун-Ардж Чайратана.

 

Тағы бір спикер - бас директордың орынбасары Эдвин Чоу (Edwin Chow) Сингапур бұрынғысынша инновациялық стартаптардың өсу орны болып қалуы үшін бірқатар жұмыстар атқарған. Олардың саны соңғы бес жылда 30%-ға артты. Венчурлік Капиталмен жасалған мәмілелер саны да айтарлықтай өсті.

 

- Бұл бірнеше факторларға негізделген - бизнес үшін қолайлы орта, Заң үстемдігі, логистикалық байланыстар. Сонымен қатар тағы үш маңызды фактор бар: кәсіпкерлік талант, жеке сектордың тәуекелдік капиталы (бизнес-періште, венчурлық капитал) және шыдамдылық. Сингапурда кәсіпкер-студенттерді инвестициялауға ниет білдірген әлемдік деңгейдегі бірқатар университеттерінің болуы ұтымды шешім. ( ... ) Біздің үкімет бүкіл әлем бойынша осындай бағдарламаларды өткізетін басқа сингапурлық университеттер мен политехникумдарды қолдай отырып, осындай бағдарламаларға инвестицияларды ұлғайтып жіберді. Бұл сингапурлық технологиялық кәсіпкерлерге тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, - деп есептейді Эдвин Чоу, жәнеде дарындар саны артқан бетте олардың соңынан «ақылды ақша» да ағыла бастайтынын атап айтты.

 

4

 

Сонымен қатар, табысты халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, Қазақстан өзінің инновациялық экожүйесі мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін дамыту бағытында маңызды қадам жасап, қорлардың алғашқы венчурлік қоры – "Qazaq Tech Ventures"АҚ құрды. Ол венчурлік инвестициялар нарығын дамытуға, технологиялық консалтингке, бизнес-инкубаторлар жүйесін дамытуға баса назар аударады.

 

Айта кету керек, екі сағатқа созылған панельдік сессияға 200-ден астам адам қатысты.

 

Астана экономикалық форумы Нұр-Сұлтан қаласында 12-ші рет өтуде. Биылғы жылы ол «Шабыттандырушы өсім: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбында өтті. Қазақстан астанасына әлемнің 74 елінен сарапшылар, бизнесмендер, саясаткерлер мен ғалымдар жиналды, ал делегаттар саны бес мыңнан асты.

 

«Бәйтерек» холдингі осы форум аясында 17 мамырда «Hilton Astana» қонақ үйінде «Қолжетімді тұрғын үйдің қазіргі заманғы экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі» атты тағы бір панельдік сессия өткізеді.

 

Анықтама:

 

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің

2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың

озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру,

инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен

орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР

Үкіметінің негізгі институты. Холдингке: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ,

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ

банкі» АҚ, «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ,

«Даму» КДҚ» АҚ, «Qazaq Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ,

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project

Preparation Fund» ЖШС кіреді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар