Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

21.02.2025

«Бәйтерек» холдингі Қазақстан экономикасын қолдаудың 2024 жылғы қорытындыларын таныстырды

Кеңес ал!

20.02.2025

Цифрлық шешімдерді дамыту және агрожобаларды қаржыландыру: «Бәйтерек» холдингіндегі стратегиялық сессияның қорытындысы

Цифрлық шешімдерді дамыту және агрожобаларды қаржыландыру: «Бәйтерек» холдингіндегі стратегиялық сессияның қорытындысы

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да аграрлық қаржыландыруды дамытуға арналған стратегиялық сессия өтті

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның  2024 жылы атқарған қызметінің нәтижелері туралы Корпорацияның Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков баяндама жасады. Негізгі қаржылық көрсеткіштерге, қаржы процестерін цифрландыруға және агроөнеркәсіп жобаларын қаржыландыруға баса назар аударылды.

Іс-шараға Холдингтің тәуелсіз директорлары Мари-Элен Берар, Дэниел Витт, Манфред Грундке, «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев, сондай-ақ «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Прашев қатысты.

Қаржылық нәтижелер және фермерлерді несиелеу

Өз баяндамасында Алмат Әшірбеков 2024 жылы Аграрлық несие корпорациясының қаржылық көрсеткіштері тұрақты өскенін атап өтті. Шоғырландырылған несие портфелі 20%-ға артып, 3,3 млрд долларға (1,8 трлн теңге) жетті.

«Агарарлық несие корпорациясы портфелінің негізгі үлесі (57%) тікелей несие алушыларға тиесілі – 1 239,1 млн доллар (650,7 млрд теңге). Несие серіктестіктері арқылы берілген қарыздар несие портфелінің 32%-ын құрайды. 7% немесе 158,8 млн доллар (83,4 млрд теңге) екінші деңгейлі банктер арқылы берілген несиенің үлесіне, қалған бөлігі (4%) басқа қаржы институттарына тиесілі», - деді Басқарма төрағасы.

Корпорацияның таза пайдасы 29%-ға өсіп, алдын ала есеп бойынша 51,4 млн долларға (27 млрд теңге) жетті.

Соңғы үш жылда фермерлерді несиелеу көлемі 528,1 млрд теңгеден 818,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру 2021 жылы 70 млрд теңге деңгейінде болды, 2024 жылы ол 321,5 млрд теңгеге жеткізілді. «Кең дала» бағдарламасы аясында өткен жылы 140 млрд теңге, ал «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 181,5 млрд теңге бөлінді. Қарыз алушылар үшін жеңілдетілген жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% деңгейінде сақталды.

Агроөнеркәсіп жобаларын қаржыландыру

Инвестициялық жобаларды дамыту Аграрлық несие корпорациясы қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Жалпы құны 1,22 млрд доллар (574 млрд теңге) болатын 500-ден астам жобаға қолдау көрсетілді. Оның 896,9 млн доллары (421 млрд теңге) ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге, тауарлы сүт фермаларына, жылыжайлар мен репродукторларға бөлінген.

2024 жылы жалпы сомасы 47,2 млн доллар (22,2 млрд теңге) болатын 27 жоба пайдалануға берілді. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, қайта өңдеу және суару нысандары, сүт фермалары, құс фабрикалары, жылыжайлар мен бақтар бар.

Несиелеуді цифрландыру

Алмат Әшірбеков Аграрлық несие корпорациясы несиелеу процестерін жеңілдету және жеделдету үшін белсенді түрде цифрлық шешімдерді енгізіп жатқанын атап өтті.

«Шағын несие алуға берген өтінімдерді қарау үшін мемлекеттік базалармен және 50-ден астам қызмет көрсету орталықтарымен интеграцияланған онлайн-платформа әзірленді. Өтініш беру процесі үш кезеңнен тұрады және 5 минутта алдын-ала шешім қабылдауға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Алмат Әшірбеков.

Негізгі цифрлық бастамалардың қатарына мыналар жатады:

  • Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына несие алу үшін берген өтінімдерді қарауды жеделдететін SMART  10  жүйесін енгізу;
  • Несие алушының құжаттарын жинау мен өңдеуді автоматтандыруға мүмкіндік беретін цифрлық несие тарихын жасақтау;
  • Тәуелсіз бағалау үшін BAGALAU.AGRONESIE.KZ порталын іске қосу;
  • AGROBAGALAU APP мобильді қосымшасын әзірлеу.

«Несие берілгеннен кейінгі қызмет көрсетуді автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл несие портфелін басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттырады», – деп атап өтті Корпорацияның Басқарма төрағасы.

2025 жылға арналған перспективалар

Алмат Әшірбеков баяндамасының соңында Аграрлық несие корпорациясының 2025 жылға арналған негізгі жоспарларына тоқталды. «Несиелеу процестерін жетілдіру жұмыстары жалғасатын болады. Біз Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржының қаржыландыру көлемін 1 трлн теңгеден астам сомаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Ерте қаржыландыру тетігін енгізу – фермерлердің биыл егін егу жұмыстарын уақтылы жүргізулеріне мүмкіндік береді», – деді ол.

Өтінімдерді қарауды оңтайландыру жұмыстары да жалғасады. Кепілмен қамтамасыз етудің онлайн-мониторингі енгізіледі, agrocredit APP мобильді қосымшасының мүмкіндіктері кеңейтіледі, сондай-ақ блокчейн технологиясын пайдалана отырып, кепілдерді онлайн-тіркеу жүйесі іске асырылады.

Стратегиялық сессия цифрлық технологияларды дамыту мен стратегиялық жобаларды қаржыландыру Аграрлық несие корпорациясы жұмысының негізгі бағыттары екенін көрсетті. Несиелеу рәсімін жеңілдету, қаржыландыру бағдарламаларын кеңейту және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу аграрлық секторға көрсетілетін қолдауды күшейтуге және оның тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар