05.09.2025
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы (ҚТК, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ еншілес ұйымы) ұлттық жоба шеңберінде өңірлерде инфрақұрылымды жаңғырту және салу мақсатында Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің облигацияларын сатып алды.
Облигациялық қаржыландырудың жалпы көлемі 22,5 млрд теңгені құрады. Әкімдіктердің облигацияларын «ҚТК» АҚ дебюттік сатып алуы еліміздің төрт облысында жылу, су, электр жабдықтаулары мен су тазартудың 10 нысанын жаңғыртуға бағытталған.
Қаржыландырылатын объектілер:
1. Павлодар қаласындағы ЖЭО-1-НО – 52в учаскесінде өткізу қабілетін арттыра отырып 9,7 млрд теңге сомасына (Ду1000 дейін) ТМ-20а жаңа жылу магистралін салу.
Аймақтың жылу желілері өте тозған күйде: шамамен 92% құрайды. Жобаны іске асыру нәтижесінде бұл көрсеткіш 77% - ға дейін төмендейді, бұл жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, авариялық жөндеуге арналған материалдық және қаржылық шығындарды қысқартуға және Павлодар қаласының 124,5 мың тұрғынын сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2. Қарағанды облысында 2,5 млрд теңге сомасына «Қарағанды Су» ЖШС су тазарту кешенінің 2-ші және 3-ші кезектерінің негізгі құрылыстарының блоктарын қайта жаңарту.
Қазіргі уақытта құрылыстардың тозуы 80% - ға жетеді. Қайта жаңартудан кейін Қарағанды, Теміртау қалаларында және Ақтас кентінде 695 мыңға жуық адам санитарлық талаптарға жауап беретін үздіксіз және сапалы сумен қамтамасыз етіледі.
3. Теміртау қаласында шамамен 980 млн теңге сомасына ТМ-2А жылу желілерін 6-шы шағын ауданнан Теміртау көшесіне дейінгі учаскесін қайта жаңарту.
Қаланың жылу желілерінің орташа тозуы 71% - дан асады, ал құбырлардың бір бөлігі 28 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылуда. Жобаны іске асыру апаттылықты азайтуға және желілердің тозуын 2,1% - ға азайтуға мүмкіндік береді, бұл көппәтерлі үйлер мен өзге де объектілерді қоса алғанда, 7 мыңнан астам абонент үшін жылумен жабдықтау сапасына оң әсер етеді.
4. Теміртау қаласында 4,3 млрд теңге сомасына ТМ-3 жылу желілерін Мичурин көшесі бойынша қайта жаңарту.
Жылу желілері қанағаттанарлықсыз жағдайда, тозу деңгейі 65% құрайды. Жаңғырту нәтижесінде желілердегі апаттылық төмендейді, ал тозудың жалпы пайызы 4,9% - ға азаяды, бұл 39 мыңнан астам абонентті сенімді жылумен қамтамасыз етеді.
5. Орал қаласында 504 млн теңгеге Гагарин мен Ружейников көшелерінің қиылысында 1-ші нүктеден ТК-6-ға дейінгі ТМ-6 жылу магистралін қайта жаңарту.
Жылу магистральдарының құбырларының тозуы 88% – дан асады, пайдалану мерзімі - 30 жылдан асқан. Қайта құру жобалары аяқталғаннан кейін 22 мың тұрғын сапалы қызметпен қамтамасыз етіледі. Құрылыстардың тозуы 46% - ға дейін төмендейді.
6. Орал қаласында 776 млн теңгеге ТМ-7 жылу магистралін ТК-2-27-ден ТК-7-14-ке дейін қайта жаңарту.
Жылу магистралінің пайдалану мерзімі 30 жылдан асады, құбырлардың тозуы - 65%. Қайта құру жобасы аяқталғаннан кейін 10,1 мың тұрғын сапалы қызметпен қамтамасыз етіледі. Тозуды 40% дейін төмендету.
7. Батыс Қазақстан облысында 1,5 млрд теңге сомасына Бөрлі, Шыңғырлау, Қаратөбе ауданы ӘЖ-10кВ, ӘЖ-0,4 кВ және КТП-10/0, 4 кВ электр желілерін қайта жаңарту.
Нақты тозудың орташа көрсеткіші 74% құрайды. Жаңғырту нәтижесінде 307,8 км желі ауыстырылады.
8. Батыс Қазақстан облысында 475 млн теңгеге Жәнібек ауданында «Жақсыбай-Таловка», Тасқала ауданында «Дүрбелең-КСРО-ға 40 жыл», Жаңақала ауданында «Пятимар-Жаңаталап» электр желілерін қайта жаңарту және «Жаңақала-Маштексай» электр желілерін салу.
Қазіргі уақытта электр желілері қанағаттанарлықсыз жағдайда: жабдықтар мен тіректер ескірген, ауа-райының қолайсыздығы кезінде жиі апаттық сөнулер жиі орын алады. Инфрақұрылым салдарынан электр энергиясының жоғалуы көрініс тапқан. Желілердің орташа тозуы 79% құрайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін 116,5 км желі ауыстырылады.
9. Орал қаласында 1,1 млрд теңгеге ӘЖ-0,4 Кв, КЛ-0,4 кВ электр желілерін сомасына қайта жаңарту.
Нақты тозудың орташа көрсеткіші - 49%, пайдалану мерзімі – 60 жылдан астам. Қайта жаңартудан кейін 171 км желіні ауыстыру жүзеге асырылады деп күтілуде.
10. Солтүстік Қазақстан облысында 0,7 млрд. теңге сомасына Тайынша ауданы Железнодорожный шағын ауданының жылу трассасын қайта жаңарту.
Жылу трассасы ұзындығы 1,9 км, 1989 жылдан бастап пайдаланылуда. Жобаны іске асыру арқылы Ремзаводтың тұрғын аймағын және Железнодорожный шағын ауданының екі қазандықтың бүкіл аумағын жылумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ дүкендерді, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, болашақ бассейн кешенін және жеке үйлерді қоса алғанда, қосымша абоненттерді қосу мүмкіндігін жасауға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданды. «ҚТК» АҚ табиғи монополиялар субъектілерін (ТМС) екі тетік бойынша қаржыландырады: мемлекеттік ТМС үшін әкімдіктердің облигацияларын сатып алу арқылы және ЕДБ, «ҚДБ» АҚ, жеке ТМС үшін МҚҰ кредиттерін субсидиялау арқылы.
Төрт әкімдіктің облигацияларын сатып алу 2029 жылға дейін жоспарланған елдің ауқымды жобаларының бірі - Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылып отырған бастаманың алғашқы қадамы. Оның мақсаты - ел бойынша энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендету және халыққа коммуналдық қызметтерді сенімді және сапалы ұсынуды қамтамасыз ету.