19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) еліміздің тұрғындарына арнап жаңа кредиттік өнім дайындау туралы келісім жасады.
Оны әзірлеу 2019 жылдың соңына қарай аяқталады. IFC банктің ағымдағы қызметіне талдау жасап, қолданыстағы клиенттік базаны саралауға кіріседі. Клиенттердің мұқтаждықтарын түсіну үшін халықаралық сарапшылар олардың қызмет ету саласын, табыс деңгейін, географиялық тұрған орнын зерттейді. Осы мәліметтер негізінде ТҮКЖБ-тің өнім желісі мен бизнес процестері жетілдіріліп, сондай-ақ жаңа кредиттік өнім әзірленетін болады.
–Дамыған тұрғын үй секторы Қазақстанды тұрақты дамыту үшін шешуші маңызға ие. ТҮҚЖБ Қазақстандағы банк секторының бәсекелестік қабілетін нығайту және қаржы инклюзивтігін қамтамасыз ету бойынша тамаша серіктес болып табылады деп санаймыз,- деп мәлімдеді Орталық Азия бойынша IFC аймақтық басшы Кассандра Колберт.
– Бүгінгі күні тұрғын үй құрылыс жинақ ақшалары - Қазақстанда тұрғын үй сатып алу үшін ең қолжетімді тәсіл. Оған 1,2 млн артық қазақстандықтар сенім артып отыр. ТҮҚЖБ салымшылары арасында жаңа пәте алушылар саны бұрынғыдан да арта түсуі үшін, банк халықаралық деңгейге шығуды жоспарлап отыр. Бұл қосымша инвестицияларды тартуға және тұрғын үй мәселесін шешудің жаңа құралдарын енгізуге көмектеседі, - деді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасының Төрағасы Ляззат Ибрагимова.
Қол қою рәсімі кезінде маңызды цифрлар аталды:
– Бүгінгі күні тұрғын үй құрылыс жинақ ақшалары жүйесінде Қазақстанның экономикалық белсенді тұрғындарының үлесі – 13,1%.
– ТҮҚЖБ 165 мың қазақстандықтардың түрғын үй жағдайларын жақсартуға көмектесті.
– Ағымдағы жылдың қазан айында ғана 4,5 мың азамат жаңа пәтерге көшті – бұл тұрғын үй секторы бойнша тарихи рекорд.
– Депозиттердің онлайн-табыстау әрекет ету уақыты ішінде 2,1 мың депозит ашылды. Қайта табысталған жинақтардың жалпы сомасы 4 млрд теңгені құрады.
– ТҮҚЖБ-де 800-ден астам штаттан тыс кеңесшілер бар, олар толық емес екі жылдың ішінде 360 мың салымдар ашты. Жаңа шарттардың жалпы сомасы 637,5 мыңды құрады.