19.12.2024
- Холдинг туралы
Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Қарағандының отбасылары «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында «Сатып алумен жалға алу» бағыты бойынша жаңа пәтерлер кілттерін алды. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Кошанов және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы Директоры – Басқарма мүшесі Нұржан Нұрланов, сондай-ақ Холдингтің еншілес ұйымы – Қазақстан Ипотекалық Компаниясының өкілдері салтанатты кілт тапсыру рәсіміне қатысты.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 29 қарашасында Петропавл қаласының тұрғындары жалға берілетін үй кілттерін алды.
Жаңа қоныстанушыларға жаңа салынған үйлерден барлығы 58 бір бөлмелі, 125 екі бөлмелі, 39 үш бөлмелі және 4 төрт бөлмелі пәтер бөлінді. Барлық пәтерлер кезекте тұрған адамдарға таза әрленген, көшуге дайын күйінде берілді. Жалға алудың орташа бағасы 1 шаршы метр үшін 750 теңгені құрайды. «Сатып алумен жалға алу» бойынша алдын ала төлем мен бастапқы жарна көзделмеген. 20 жылдан кейін пәтерлер жалға алушылардың меншігіне өтеді.
Қарағанды қаласының жаңа қоныстанушыларын құттықтау сөзінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы Директоры – Басқарма мүшесі Нұржан Нұрланов атап көрсеткендей, азаматтарды тұрғын үй сатып алуға жұмылдыруға бағытталған бағдарламаларды іске асыру – ауқымды және өте маңызды міндет.
Біз үшін ең маңызды критерий тұрғын үйге мұқтаж қазақстандықтар үшін тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесу болды. «Сатып алумен жалға алу» жұмыстары кезінде Қазақстанның барлық өңірлерінде жаңа үйлер салынды, 18 мыңнан астам пәтер немесе 1 миллион шаршы метрден астам жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұндай әсерлі деректер табысты нәтиженің көрсеткіші және жоспарланған жұмыстың тиімділігі болып табылады, - деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы Директоры – Басқарма мүшесі Н.Нұрланов.
Пәтерлерді алғандар арасында көпбалалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын басқа азаматтар бар.
Мемлекет басшысының бастамасымен «Сатып алумен жалға алу» бағыты «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының бөлігі болып табылады. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ бағдарлама операторларының бірі болып табылады.
Жалпы алғанда, Қазақстан Ипотекалық Компаниясы жалға берілетін тұрғын үйді сату кезінде жалпы алаңы 22,150 шаршы метр 410 пәтер салып, Петропавл қаласында кезекте тұрған адамдарға берді. Қарағанды қаласының тұрғындары соңғы кезеңді есепке алғанда ауданы 31 521 шаршы метр 500 пәтер алды.