Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

03.12.2024

«Бәйтерек» холдингі мен John Deere Қазақстандағы стратегиялық серіктестік бойынша келіссөздерді жалғастыруда

09.10.2019

Түйісу сәтті жүзеге асырылды. «Сарыарқа» газ құбырының бірінші кезеңі аяқталды

Түйісу сәтті жүзеге асырылды. «Сарыарқа» газ құбырының бірінші кезеңі аяқталды

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу кезіндегі құбырды дәнекерлеудің соңғы кезеңінің сәтті аяқталуына байланысты салтанатты рәсімге қатысты.

 

1

 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының маңында құбырдың қоршалған учаскесінің жанында «ҚазҚұрылысСервис» жұмысшылары (жобаның бас мердігері) құбырлар арасындагі тігістерді дәнекерлерді. Бұдан кейін осы ауқымды жобаны іске асыруға қатысқан ұлттық компаниялар мен институттардың басшылары қалыптасқан дәстүр бойынша құбырдың бетіне қол қойды.

 

2

 

Салтанатты рәсімге сондай-ақ еншілес ұйымдардың басшылары – «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Әсет Сағымбеков қатысты.

 

3

 

«Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша «Сарыарқа» газ құбырын салу жобасын «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес компаниясы және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ еншілес қоры болып табылатын «АстанаГаз ҚМГ» АҚ жүзеге асырады.

 

Жобаның жалпы құны 267,3 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 80,3 млрд теңгені акционерлер тепе-тең негізде ұсынды, 187 млрд теңге «АстанаГаз ҚМГ» АҚ облигацияларын орналастыру арқылы тартылды. Сонымен қатар, 102 млрд теңге «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен Еуразиялық даму банкінен жұмылдырылды.

 

4

 

Ірі индустриялық жобаларды қаржыландыратын ҚДБ классикалық қарыздар ғана емес, сонымен қатар облигацияларды сатып алу арқылы да қаржы ұсынады. ҚДБ газ құбырының құрылысына ағымдағы жылдың шілде айында 10 жыл мерзімге 51 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді.

 

5

 

Естеріңізге сала кетейік, Жобаны іске асыру 2018 жылдың соңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін іске асыру мақсатында басталды. Дәнекерлеу жұмыстары 2019 жылдың 21 наурызында басталды. Құрылыс 2019 жылдың соңында аяқталады деп күтілуде.

 

Газ құбырының құрылысымен халық саны 2,7 млн адамға дейін жететін 171 елді мекенді көгілдір отынмен кезең-кезеңмен қамтамасыз ету мүмкіндігі құрылуда.

 

6

 

- Бұл жобаның тек әлеуметтік бағыттылығы ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға үлкен үлесі бар екенін атап өткім келеді. Себебі газ құбырының іске қосылуының арқасында ластаушы заттардың шығарындыларын 2024 жылға қарай жылына 6 мың тоннаға қысқартуға мүмкіндік туады. Бұдан басқа, біз Жоба жоспарлы қуатына шыққан кезде, ел бюджеті жыл сайын екі миллиард теңгеге жуық салық түсімін алатын болады деп күтеміз, - деді Айдар Әріпханов.

 

Енді елорда тұрғындарының үйлеріне көгілдір отынды жеткізумен қалалық әкімдік айналысады.

 

Айта кетейік, «Бәйтерек» холдингінің инвестициялары есебінен 2015-2018 жылдары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы арқылы өңірлерді газдандыру бойынша төрт жоба қаржыландырылды. «Сарыарқа» газ құбырынан басқа ол Тараз қаласында, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында газ тарату желілерін жаңғырту, сондай-ақ Қызылорда облысының бес елді мекенін газдандыру сияқты жобаларды қамтиды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар