Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

16.09.2026

«Бәйтерек» холдингі мен Shinhan Financial Group Қазақстандағы жобалар мен бизнеске 500 млн АҚШ долларына дейін қаражат тарту жөнінде уағдаласты

Кеңес ал!

16.09.2026

«Бәйтерек» холдингі мен Shinhan Financial Group Қазақстандағы жобалар мен бизнеске 500 млн АҚШ долларына дейін қаражат тарту жөнінде уағдаласты

«Бәйтерек» холдингі мен Shinhan Financial Group Қазақстандағы жобалар мен бизнеске 500 млн АҚШ долларына дейін қаражат тарту жөнінде уағдаласты

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Сеулдегі іскерлік бағдарламасын жалғастырды: «Корея - Орталық Азия 2026» бизнес-саммитіне (C5+Корея) қатысып, Shinhan Financial Group-пен меморандумға қол қойды, сондай-ақ Кореяның мемлекеттік Экспорт-импорт банкі (KEXIM) мен Кореяның шағын және орта бизнес пен стартаптар институтының (KOSI) өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

Еске сала кетейік, делегация құрамына Қазақстанның Даму Банкі Басқармасының төрағасы Марат Елібаев, Qazaqstan Investment Corporation Басқармасының төрағасы Дидар Қарымсақов, «Даму» қоры Басқармасының төрағасы Фархат Сәрсекеев және Холдингтің компаниялар тобының басқа да өкілдері кіреді.

Негізгі нәтиже «Бәйтерек» холдингі мен Кореяның ірі қаржы топтарының бірі Shinhan Financial Group арасында меморандумға қол қою болды. Құжатқа Рустам Карагойшин мен Shinhan Financial Group төрағасы және бас директоры Чин Окдонг қол қойды. Меморандум индикативтік көлемі 500 млн АҚШ долларына дейінгі қаржылық ынтымақтастықты көздейді.

«Біз үшін әрбір кездесу мен қол қойылған әрбір құжаттың Қазақстанға нақты нәтиже беруі маңызды. Shinhan-мен жасалған меморандум инвестициялық жобалар мен шағын бизнеске 500 млн АҚШ долларына дейін қаражат тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар KEXIM-мен бірге ірі бастамалар портфелін қалыптастырып, KOSI-мен кәсіпкерлерді қолдаудың неғұрлым дәл әрі тиімді құралдарын пысықтап жатырмыз. Түптеп келгенде, сөз жаңа өндірістер, технологиялар, жергіліктендіру, экспорт пен жұмыс орындары туралы болып отыр», - деп атап өтті Рустам Карагойшин.

Холдинг делегациясының KEXIM атқарушы директоры Джу Санджинмен кездесуінде кореялық компаниялардың, жабдықтар мен технологиялардың қатысуымен жобаларды бірлесіп қаржыландыру мүмкіндіктері қаралды.

Өз кезегінде, «Даму» қорының Басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев KOSI президенті Чо Джухёнмен кездесу өткізіп, шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа тәсілдерін талқылады. KOSI кәсіпкерлерге арналған бағдарламалардың тиімділігін бағалауға және деректер негізінде қолдау шараларын әзірлеуге көмектесетін мемлекеттік талдау институты болып табылады.

Холдингтің C5+Корея бизнес-саммитіне қатысуы бұл жұмысты өңірлік деңгейде жалғастырды. Саммитте сауда мен инвестицияны кеңейту, аса маңызды минералдар мен энергетика саласындағы ынтымақтастық, өнеркәсіптік инфрақұрылым мен логистиканы дамыту мәселелері талқыланды. Бұл бағыттар Қазақстандағы жобаларға капитал, технологиялар мен серіктестер тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар