24.08.2018

Тұрғын үйдің миллиондық шаршы метрі тапсырылды

Тұрғын үйдің миллиондық шаршы метрі тапсырылды

Алматыда «Сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй» бағыты және тұрғын үйдің миллиондық шаршы метрін пайдалануға беру бойынша «Нұрлы жер» Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыруға арналған пресс-брифинг болып өтті. Аталған бағдарламаның операторы «Бәйтерек» холдингі болып табылады.

Атқарылған жұмыстар туралы есеппен «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) Басқарма Төрағасының орныбасары Айсұлтан Акчурин сөз сөйледі, ол ағымдағы мерзімде компания еліміздің 20 қаласында сатып алу құқығымен 1 млн ш.м. артық жалдамалы тұрғын үй пайдалануға енгізгендігін айтып өтті. Тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша бағдарлама бастапқы миссиясынан басқа құрылыс саласын дамыту драйверіне айналды.

– Жалдамалы тұрғын үй құрылысы кезінде біз инженерлік және әрлеу жұмыстарына қазақстандық өндірушілерді тартуға тырыстық. Бүкіл ел бойынша 30 мың жаңа жұмыс орны құрылды. «Сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасы жаңа қала аумақтарын инфрақұрылымдық дамытуға себепші болды, қала тұрғындары мен жергілікті муниципалдық билік ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктерін анықтады – деп айтып өтті А. Акчурин

«Сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасы көп балалы және толық емес отбасыларына; шектеулі мүмкіндіктерімен немесе сондай балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына; жетім балалар немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға; оралмандарға, 1 және 2-ші топтың мүгедектеріне, сондай-ақ арнайы мемлекеттік қызметкерлерге, әскери қызметтегілерге, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, бюджеттік ұйымдардың еңбеккерлеріне арнап әзірленді.

Бағдарлама жұмыс істеген уақыт ішінде жергілікті атқарушы органдармен тығыз ынтымақтастықта бүкіл Қазақстан бойынша 17 мыңнан артық кезек күтушілер арасында тұрғын үй бөлініп берілді. Компанияның өндірістік жоспарларына сәйкес жылдың аяғына дейін Қостанай, Қарағанды, Өскемен және Орал қалаларында тағы да 40 мың ш.м. артық немесе 700 пәтер пайдалануға берілетін болады.

 

Сдан миллионный квадратный метр жилья

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар