19.12.2024

Sustainable Fitch «Бәйтерек» холдингінің ESG рейтингін «3» деңгейінде растады

Sustainable Fitch «Бәйтерек» холдингінің ESG рейтингін «3» деңгейінде растады

Sustainable Fitch халықаралық рейтингілік агенттігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің ESG рейтингін «3» деңгейінде растады және оның ұпайын «57»-ден «59»-ға дейін көтерді. Бұл нәтиже Холдингтің тұрақты даму стратегиясын сәтті жүзеге асырып, ақпаратты ашып көрсету бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін көрсетеді.

Агенттіктің есебінде Холдингтің ESG саласындағы ұзақ мерзімді мақсаттары мен экологиялық көрсеткіштерді ашып көрсету бағытындағы жұмысы жетілдіруді талап ететін маңызды бағыт ретінде атап өтілген. «Бәйтерек» холдингі – мемлекет толықтай иелік ететін интеграцияланған даму институты. Топ құрамына жеті еншілес ұйым кіреді және ол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыруда маңызды рөл атқарады. Холдингтің қызметі микро-, шағын, орта және ірі бизнесті, экспорттық операцияларды, венчурлық бизнесті, ауыл шаруашылығын және тұрғын үй қаржыландыруын қолдауға бағытталған.

2023 жылы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары жасыл жобаларды, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, су ресурстарын тиімді пайдалануға және экологиялық таза көлік құралдарын қолдауға бағытталған қаржыландыру көлемін арттырды. Сондай-ақ, топ ресурстарды тұтынуды азайту және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту бойынша шараларды жүзеге асыруда. Холдинг ISO 14001:2015 стандарты бойынша сертификатталған экологиялық менеджмент жүйесін енгізді.

Холдингтің қызметі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдауда маңызды әлеуметтік әсер етеді. 2024 жылы «Бәйтерек» холдингі БҰҰ Жаһандық шартына қосылып, адам құқықтары саласындағы саясатты әзірледі.

«Бәйтерек» холдингінің корпоративтік құрылымында 10 мүшеден, оның ішінде үш тәуелсіз директордан тұратын директорлар кеңесі жұмыс істейді. Тәуекелдерді басқару, директорлар кеңесі мен басқарма арасындағы міндеттерді бөлу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша тиімді шаралар жоғары басқару стандарттарын қамтамасыз етеді.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ESG қағидаттарына сәйкес өз қызметін жетілдіруді және тұрақты даму бойынша ұзақ мерзімді мақсаттарын қолдауды жалғастырады.

Анықтама:
 Sustainable Fitch – ұйымдардың тұрақты даму деңгейін бағалайтын халықаралық агенттік. ESG рейтингі компаниялардың тұрақты болашаққа қосқан үлесін сипаттайтын экологиялық, әлеуметтік және басқару факторларын бағалау негізінде құрылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар