Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

30.12.2024

«Бәйтерек» холдингінде мемлекеттік органдар мен еншілес компаниялардың баспасөз қызметкерлері бас қосты

16.07.2024

Шикізат емес экспорт басты назарда: Астанада жедел штабтың кеңейтілген отырысы өтті

Шикізат емес экспорт басты назарда: Астанада жедел штабтың кеңейтілген отырысы өтті

Астанада шикізат емес экспортты дамыту жөніндегі жедел штабтың кеңейтілген отырысы өтті. B2G форматындағы диалог алаңына бизнес-қауымдастықтар, мемлекеттік органдар мен ұлттық даму институттарының өкілдері және экспорттаушылар қатысты.

Жедел штаб қатысушылары ҚҚС қайтару, экспорттаушы шығындарын өтеу, қолдау шаралары, жаңа нарық іздеу, дайын өнімдердің экспортын шектейтін кедергілер сынды мәселелерді талқылады. Одан бөлек, экспортты дамытудың негізгі тәсілдері айқындалды.

917f02d25a5e4a24e384e0d9bf3ce210_1280x720.jpg

Кездесу аясында «Бәйтерек» ұлттық холдингі» АҚ еншілес ұйымы - «Қазақстанның экспорттық несие агенттігі» АҚ өкілдері қатысушыларға компанияның қолдау құралдарын таныстырды. Олардың қатарында экспорттық операцияларға кепілдік беру және сауда қаржыландыруы бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау сынды жаңа қолдау құралы бар.

Атап айтқанда, экспорт операцияларына кепілдік беру арқылы қазақстандық экспорттаушыларға халықаралық тендерлерге қатысуға және қазақстандық тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің/жұмыстардың экспорт мүмкіндігі жоғары нарықта болуын қамтамасыз етеді.

1643e003582a9702073828b372329300_1280x720.jpg

Одан бөлек, жаңа құрал экспорт мәмілелері бойынша төлем міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде ЭКА кепілдігін беру есебінен аванс төлемдерді алу кезінде импорттаушылар қаражатын тартуды ынталандыратын болады. Бұл экспорттаушыға банкке жүгінбей-ақ агенттік кепілдігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы жағдайда кепіл табу мәселесі қарастырылмайды.

Сауда-саттықты қаржыландыру мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде отандық жоғары технологиялық тауарлар/көрсетілетін қызметтер өндіретін компания қолдау табу үшін агенттікке жүгіне алады. Сонымен қатар, қазақстандық қаржы институттарының  шетелдік импорттаушыларды қаржыландыру мүмкіндігін пайдалануына болады.

Мұның арқасында отандық тауарлардың сыртқы нарықтағы саудасы едәуір артады. Яғни, қазақстандық экспорт бизнесі жаңа белеске шығады. Бұл қазақстандық қаржы институттарына эмитент-банктердің міндеттемелерін орындамау қаупін сақтандыру, өнім желісі мен клиент базасын кеңейту мүмкіндігін береді.

Форум соңында қатысушылар жаңа нарыққа шығу мәселелерін шешуде экспорттық хаб құрудың маңызын атап өтті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар