19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ХІІ Астана экономикалық форумы шеңберінде мемлекеттің венчурлық капиталды дамытудағы рөлін талқылауға арналған сессия өткізеді.
Бүгінгі күні табысты халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстан өзінің алғашқы венчурлық қоры - «QazTech Ventures» АҚ-ны іске қосу арқылы өзінің инновациялық экожүйесін және халықаралық бәсекеге қабілеттілігін дамыту бағытында маңызды қадам жасауда.
Сессия жұмысына «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Әділ Нұрғожин, «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы Марат Омаров қатысады. Бұдан басқа, шетелдік венчурлық инвесторлар: Ган Фон Джек (Gan Fong Jeck) «Jubilee Capital Management» Басқарушы директоры (Қытай мен АҚШ-қа венчурлық инвестицияларды жүзеге асыратын Сингапурлық компания); доктор Пун-Ардж Чайратан (Pun-Arj Chairatana) - «National Innovation Agency of Thailand» Атқарушы директоры, Инновацияларды даму және басқару саласында Таиландтың пионер-агенттігі; Эдвина Чоу (Edwin Chow) - Enterprise Singapore Бас директордың орынбасары, Бизнесті қолдау және ілгерілету жөніндегі Сингапур ұлттық агенттігі, Джеймс Тан (James Tan) - Quest Ventures басқарушы әріптес, технологиялық компанияларға арналған жетекші қытайлық қор. Сессияның модераторы Тадеус Ко (Thaddeus Koh) – Оңтүстік Шығыс Азияда іс-шараларды ұйымдастырумен және технологиялық кәсіпкерлікті жабдықтаумен айналысатын e27 Singapore компаниясының негізін қалаушы және директоры.
Сессия барысында мемлекеттің венчурлық қаржыландыру индустриясын дамытудағы рөлі, венчурлық индустрияның дамуындағы Сингапур мен Кореяның табысты тәжірибесі, сондай-ақ Қазақстан үшін ең жақсы венчурлық инвестициялық стратегияны таңдау бойынша ұсыныстар дайындау мәселелері талқыланатын болады.
Өтетін күні мен уақыты: 2019 жылғы 16 мамыр, 16:30.
Өткізілетін орны: Конгресс-орталық, 5-зал.
Анықтама үшін:
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және оны әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін арттыру арқылы Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы бойынша мақсаттарды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты. Холдинг құрамына «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.