Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

16.07.2024 16:53:00

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды

18.10.2018

«Салтанат аркасының» кепілгері

«Салтанат аркасының» кепілгері

 

2

 

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ Астана қаласының негізгі монументтерінің бірі «Мәңгілік Ел – Салтанат аркасы» бірыңғай сәулет композициясының құрылысын аяқтауға кепілгер болды.

«Нұр Астана Құрылыс» Құрылыс компаниясы «Triumph Avenue» көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің жобасы бойынша құрылысты аяқтауға қор кепілдігін алды.

«ТҮҚКБҚ» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары Марат Нуршаев пен «Нұр Астана Құрылыс» компаниясының бас директоры Саламат Ахметов тиісті келісімге қол қойды.

«Triumph Avenue» биіктігі 7-9 қабат, бес тұрғын үй блок-секциясынан тұратын көп пәтерлі тұрғын үй кешені болып табылады. Сонымен бірге, 250 орындық көлік қоюға арналған паркинг салынады.

Кепілдік беру туралы шартқа сәйкес тәуелсіз инжинирингтік компания үлескерлер қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуына және барлық кезеңдердегі құрылыс барысына бақылау жасайтын болады.

Кепілдік беру үлескерлер салымдарының сақталуын қамтамасыз етуге және белгіленген мерзімде құрылысты аяқтауға бағытталған. Кепілдік беру жағдайы туындаған жағдайда, яғни құрылыс мерзімінің сақталмауы, қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуы немесе құрылыс салушының банкроттығы анықталған жағдайда қор жоба бойынша басқарушы болып, тұрғын үй құрылысын белгіленген тәртіппен толығымен қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Осылайша, кез келген жағдайда үлескерлерге объект толығымен салынып аяқталатынына мемлекет тарапынан жүз пайыз кепілдік беріледі.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар