19.12.2024
- Холдинг туралы
2021 жылғы 23 маусымда Жалғыз акционер «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің шешімімен Рустам Мұратұлы Исаев «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» (ҚТҮК) АҚ Басқармасының төрағасы болып сайланды.
ҚТҮК жаңа басшысын «Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев таныстырды.
Р. Исаев 1975 жылы туған. 1998 жылы «Қоғамдық қаржы» мамандығы бойынша Докуз Ейлюль университетін (Dokuz Eylul Universitesi, Түркия) бітірген.
Өзінің кәсіби еңбек жолын 1998 жылы «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-нан бастаған. «ҚазМұнайГаз» АҚ-да түрлі лауазымдарда, «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ еншілес ұйымында атқарушы директор болып жұмыс істеген. Жеке меншік секторында жұмыс тәжірибесі бар. 2016 жылғы қыркүйек және 2021 жылғы маусым аралығындағы кезеңде «ҚазАвтоЖол» АҚ-да басшылық лауазымдарды атқарған.
Қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі 20 жылдан астам.
Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын Қазақстан тұрғын үй компаниясын басқарған Әділ Мұхамеджанов «Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ - Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы болып табылады. Қазақстан тұрғын үй компаниясы - ипотекалық кредит беру және жалға берілетін тұрғын үй беру тетіктері арқылы Қазақстан халқына тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай тұрғын үй операторы.