Кеңес ал!

11.11.2026

Рустам Карагойшин ХВҚ миссиясына экономиканы қаржыландыру жоспарларын таныстырды

«Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Амина Ларешпен кездесті. Тараптар 2026 және 2027 жылдарға арналған кредит беру және инвестициялау жоспарларын, қаржыландыру көздері мен жобаларды іріктеу тәсілдерін талқылады. Кездесуге Қазақстанның Даму Банкінің өкілдері де қатысты.

Холдинг басшысы экономиканың нақты секторын жыл сайын шамамен 8 трлн теңгеге қаржыландыру міндетін іске асыру жолдарын таныстырды. Холдингтің капиталдандыру көлемі шамамен 1 трлн теңгені құрайды. Қаражаттың басым бөлігі нарықтық шарттармен, соның ішінде ішкі және халықаралық нарықтарда облигациялар шығару арқылы тартылады. Қаржыландыру көздерін таңдағанда Холдинг қарыз алудың құны мен мерзімдерін, сондай-ақ валюталық тәуекелдерді ескереді.

«Мемлекет салған капитал Холдингке нарықтан бірнеше есе көп қаражат тартуға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді инвестициялар үшін қаражат тарту мерзімдерінің кредит беру мерзімдеріне сай болуы аса маңызды», – деп атап өтті Басқарма төрағасы.

Кездесуде кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын және тұрғын үй секторын қолдаудың қолданыстағы бағдарламалары да қаралды. Олардың қатарында «Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлердің кредиттері мен лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдікпен қаржыландыру, сондай-ақ «Наурыз» бағдарламасы бойынша ипотекалық кредит беру бар.

Холдинг төрт салалық инвестициялық дирекцияның жұмысын таныстырды. Дирекциялар жобаларды алдын ала бағалап, бастамашыларға қаржыландыру құралдарын таңдауға көмектеседі. Қаржыландыру туралы шешімдерді «Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобына кіретін бейінді ұйымдар жобалар мен кредиттік тәуекелдерді бағалау нәтижелері бойынша қабылдайды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар