18.05.2022

ҚР Премьер-Министрі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында Кеңес мүшелері Холдингтің Жарғысына енгізілетін өзгерістерді қарастырып, 2021 жылғы жылдық қаржылық есептілікті (шоғырландырылған және жеке) алдын ала бекітті.

Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Холдинг Басқармасының құрамы 7 адамнан 5 адамға оңтайландырылды. Басқарушы директорлар лауазымдарын атқаратын Басқарма мүшелерінің 2 бірлігін қысқартылмақшы.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына сәйкес әзірленген және Холдингтің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жұмысын жетілдіруді көздейтін 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасы бекітілді. Айта кетейік, «Бәйтерек» холдингінде 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Директорлар кеңесіне бағынатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі жұмыс істейді.

Бұдан басқа, отырыста 2022 жылдың бірінші тоқсаны бойынша Холдингтің тәуекелдер жөніндегі есебі және Ішкі аудит қызметінің есебі, «Бәйтерек» холдингінің 2021 жылы Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін сақтауы туралы есебі бекітілді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар