26.10.2018

Президент Жолдауы және «Бәйтерек» холдингінің рөлі

Президент Жолдауы және «Бәйтерек» холдингінің рөлі

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының төрағасы Айдар Арифханов Atameken Business телеарнасына берген сұхбатында Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табысты арттыру және өмір сапасы» Жолдауын жүзге асырудың негізгі бағыттары туралы айтып өтті.

– «Бәйтерек» холдингі үшін «Бизнестің жол картасы» және «Нұрлы жер» бағдарламаларын іске асыру жолында Елбасының компанияға берген оң бағасы өте маңызды. Бұл бағдарламалар 2025 жылға дейін ұзартылды – ол халыққа көрсетілген өте үлкен көмек. Сонымен қатар, ол шағын және орта бизнесті, сондай-ақ тұрғын үй саласын дамытуға мықты стимул, – деді Айдар Арифханов.

Елбасының Жолдауына сәйкес, «Бизнестің жол картасын» іске асыруға жыл сайын 30 млрд теңгеге дейін қаражат жұмсау жоспарланып отыр. Ол үш жыл ішінде қосымша түрде 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, 220 млрд теңгеден артық сомаға түсімді және 3 трлн теңгеге өнім шығаруды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, тікелей эфир кезінде экспортқа бағытталған кәсіпорындарға қолдау көрсету, Қазақстанның Тұрғын үй жинақ банкінің қызметі және тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту мәселелері қозғалды. Холдинг Басқармасының төрағасы «Время говорить» бағдарламасының студиясына ұялы әлеуметтік желілерден келіп түскен телекөрермендердің көкейтесті сұрақтарына жауап берді.

Эфир түсірілімін мына жерден көре аласыздар.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар