29.09.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Биылғы жылғы 30 қыркүйекте сағат 10:00-де eGov.kz порталында «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Үсеннің қатысуымен «Кәсіпкерлермен цифрлық өзара іс-қимыл және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу» тақырыбында интернет-конференция өтеді.
Интернет-конференция барысында Холдингтің бизнеспен өзара іс-қимылында цифрлық құралдарды пайдалану, сондай-ақ инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелері қарастырылады.
Кәсіпкерлер мен басқа да мүдделі қатысушылар конференция тақырыбы бойынша сұрақтар қойып, жауап ала алады.
Қатысу сілтемесі: https://dialog.egov.kz/conference/6015