06.02.2023

Отбасы банкінің 1,9 млн салымшысы мемлекеттік сыйлықақы алды

Отбасы банкінің 1,9 млн салымшысы мемлекеттік сыйлықақы алды
   Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 1 905 484 клиентінің шоттарына демалыс күндері мемлекеттік сыйлықақы түсті. 2022 жылдың қорытындысы бойынша депозиттерге барлығы 75 млрд теңге аударылды.
   Отбасы банкінің депозиттік қоры жыл сайын артып келеді, бұл халықтың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне деген сенімін көрсетеді. Соңғы 3 жылда ол 1 трлн теңгеден 2,1 трлн теңгеге дейін өсті. Өткен жылдың өзінде банкте рекордтық көлем, 618 мың жаңа депозит ашылды. Қазір банке 2,5 млн жинақ шоттары бар. 
   Олардың ұлғаюымен төленетін мемлекеттік сыйлықақы мөлшері де артып келеді. Мысалы 2021 жылдың соңында 1,7 млн салымшы жалпы көлемі 61,7 млрд теңге алды. Заңға сәйкес, банк клиенттеріне сыйлықақы төлеуді мемлекет қамтамасыз етеді. Осылайша ол өз азаматтарына тезірек ақша жинап, қолжетімді шарттармен баспана мәселесін шешуге септігін тигізеді.
   Жинақ шоттары иелерінің жасы мөлшерлері әртүрлі. Мысалы, Отбасы банкінде 1 жасқа дейінгі балалардың атына 8 716 депозит ашылған. Ал салымы бар ең ересек клиент 96 жаста. Тіпті банкте 2003 жылдан бері, банк жұмысын алғаш бастаған уақытта ашылған, әлі күнге дейін жинақтармен толықтырылып жатқан шоттар да бар. 
   Жалпы балаларыңыз мен қарт ата-аналарыңызға «Отбасылық пакет» аясында депозит ашқан тиімді. Өйткені, жақын туыстарға ашылған әрбір депозитке мемлекеттік сыйлықақы жеке-жеке аударылады. Ал тұрғын үй заемын алуға қажетті сома жиналғанда, шоттарды біріктіріп, үй немесе пәтер сатып алуға болады. 
   Мемлекеттік сыйлықақы – бұрын үстіне аталмыш сыйлықақы қосылмаған жинақтарға ғана аударылады. Яғни, ағымдағы жылы жинақталған қаражат пен өткен жылы сыйлақақы қосылмаған жинақтардың қалдығы есепке алынады.    Егер өткен жылы депозитте жинақталған сома 200 АЕК-тен асып кетсе, онда сыйлақақысыз қалған айырма сома ағымдағы жылы мемлекеттік сыйлықақыны есептеу үшін ескерілетін болады.
   Егер бір салымшының банкте бірнеше салымы болса, онда мемлекеттік сыйлықақы олардың біреуіне ғана есептеледі.
   Еске сала кетейік, салымшы депозитте 3 жылдан аз уақыт аралығында қаражат жинап, оның шартын мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, мемлекеттік сыйлықақы бюджетке қайтарылады. 
   Мемлекеттік сыйлықақының ең жоғарғы мөлшері 2022 жылдың қорытындысы бойынша 122 520 теңгеге тең болды. ҚР тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңға сәйкес ол 200 АЕК-тен аспайтын сомаға қосылады. Өткен жылы бұл 612 600 теңге болды. 
   2023 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары мемлекеттік сыйлықақы көлемі 138 000 теңгеге тең болады. Оған қол жеткізу үшін Отбасы банкіндегі шотқа кемінде 690 000 теңге (200 АЕК) жинақтау қажет. Ол үшін салымшылар ай сайын өз депозиттерін шамамен 57 000 теңгеге толықтырып отырулары тиіс. 
   Мемлекеттік сыйлықақы мен банк сыйақысын қосқанда, Отбасы банк депозиттерінің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 14%-ға жетеді.

***

   ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар