28.12.2021

«Отбасы банк» ұлттық даму институтына айналады - Айдар Әріпханов

«Отбасы банк» ұлттық даму институтына айналады - Айдар Әріпханов

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Отбасы банк» АҚ ұлттық даму институтына айналады. Бұл туралы 28 желтоқсан, сейсенбі күні ҚР Үкіметі отырысында «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов хабарлады.

Холдинг басшысы тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы аясында «Отбасы банк» базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылатынын хабарлады. Ол тұрғын үйге мұқтаждардың барлығын күтіп-ұстауды, орналастыруды және есепке алуды, сондай-ақ тұрғын үй қолжетімділігінің баспалдағына сәйкес баспананы кезеңділік күні бойынша бөлуді орталықтандырылған түрде жүзеге асырады.

Тұрғын үй орталығының базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен біріктірілетін болады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банк мәртебесін ұлттық даму институты мәртебесі бар Банкке өзгерту жоспарлануда», - деді Айдар Арифханов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, «Отбасы банк» облыс әкімдерімен бірлесіп банк құралдары аясында даму әлеуеті төмен моноқалалардың тұрғындары үшін бастапқы жарнасы 10%, сыйақы мөлшерлемесі 2-5% болатын жеңілдетілген ипотека бағдарламасын әзірлейді. Өнімді құрудың жоспарланған уақыты 2022 жылдың 1 тоқсаны.

Сондай-ақ, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бағыты бойынша бүгінгі таңда 2021 жылы халыққа жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеге 73 мың жеңілдетілген несие беріліп, оның ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 150 млрд теңге сомасына 13,6 мың қарыз берілгенін атап өткен жөн.

Рисунок 2.png

«Бақытты отбасы» көп балалы және аз қамтылған отбасыларды жылдық 2% - бен жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша 2021 жылға 70 млрд теңге бөлініп, 45 млрд теңгеге 3837 несие берілді, 10,2 млрд теңгеге 873 несие қосымша несие мақұлданды. Барлығы 2022-2025 жылдарға арналған «Бақытты отбасы» бойынша төлем жоспары 240 млрд теңгені құрайды.

– Тұрғын үй құрылысы аясында «Бәйтерек» холдингі өзінің еншілес ұйымы – «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы басқа да бағыттар бойынша жұмысын жалғастыруда. Мәселен, облигацияларды сатып алу тетігі арқылы несиелік тұрғын үй құрылысын салу бағытында 2021 жылы әкімдіктерге жалпы сомасы 163,7 млрд теңге немесе бекітілген жоспардың 100%-ы қаржыландыру қамтамасыз етілді. Қаражат әр 2 жыл сайын револьверлік негізде жылдық 4,25% - бен жеңілдікті шарттармен беріледі. 2022-2025 жылдарға 4 млн шаршы метр несиелік тұрғын үй (немесе 68,2 мың пәтер) салу үшін жалпы сомасы 869 млрд теңгеге әкімдіктердің облигациялары жиынтықта сатып алынады», - деді Басқарма төрағасы.

Сондай-ақ, жалпы сомасы 362 млрд теңге, ауданы 2 млн шаршы метр тұрғын үй болатын 73 жоба құрылысты аяқтауға кепілдік алды. Бұл коммерциялық нарықта 21 мың пәтер сатып алу үшін халықтың салымдарын қорғауға мүмкіндік берді. 2025 жылға қарай жалпы құны 500 миллиард теңгеге жуық жобаларға кепілдік беріледі

Жеке құрылыс салушылардың несиелерін субсидиялау жалғасуда. Мәселен, ағымдағы жылы жоспар бойынша 20 млрд теңге болса, жалпы сомасы 27,8 млрд теңге болатын жобалар мақұлданды. Құрылыс компаниялары үшін коммерциялық кредиттердің құны орта есеппен 50% - ға арзандады. 2025 жылға дейін жалпы сомасы 100 млрд теңге болатын жобаларға қолдау көрсетіледі.

Қазіргі уақытта «Қазреестр» үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі, оның ішінде мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау арқылы жаңғыртылуда.

Рисунок 1.png

«Бұл үлестік қатысу шарттарын электронды тіркеуді үш күннен екі сағатқа дейін қысқартады және сұраныссыз құрылыс салушылар арасында тұрғын үйді нарықта «екі есе» сатуды болдырмауға мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді Айдар Әріпханов.

Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын төмендетуге, сондай-ақ қазақстандық өндірушілерді қолдауға бағытталған Құрылыс материалдарының Маркетплейсі әзірленді. Құрылыс саласына қатысушылар тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы ақпаратты орналастыра алады, сондай-ақ мәмілелер жасай алады.

Қазір отандық өндірушілердің коммерциялық ұсыныстарын жіберу функциясы бар құрылыс материалдарына қажеттілік витринасы қалыптастырылды. Екінші кезеңде платформаның мәртебесін және ол арқылы материалдарды сатып алу тәртібін анықтағаннан кейін жеткізушілер мен құрылыс салушылар арасында онлайн шарттар жасасу функциясы әзірленетін болады. Маркетплейсті өнеркәсіптік пайдалануға енгізу 2022 жылдың бірінші тоқсанында жүзеге асырылады, - деп атап өтті Холдинг басшысы.

Сөз соңында, Айдар Әріпханов ағымдағы жылдың соңына дейін тұрғын үй құрылысы аясында жоспарланған барлық көрсеткіштерге қол жеткізілгенін және Холдингтің бұл бағыттағы жұмысы жалғасатынын атап өтті.

Айдар Әріпхановтың баяндамасының толық нұсқасы осы жерде >>

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар