11.10.2024
- Холдинг туралы
Орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері Қостанай облысының кәсіпкерлерін өзінің бизнесін дамыту үшін қандай мемлекеттік қолдауды алуы мүмкіндігі туралы ақпараттандырды. Қолдау құралдарын «Бәйтерек» ұлттық басқарушы компаниясы да ұсынды.
«Бәйтерек» холдингі кәсіпкерлерге қолдау құралдарының кең спектрін ұсынады: инвестициялық кезеңнен дайын өнімдерді экспорттауды қолдауға дейін; сыйақы ставкасын субсидиялаудан несиелерге кепілдік беруге дейін. Сондай-ақ, жобалық құжаттаманы дайындауға, жобаны сараптауға және серіктестерді іздестіруге көмек көрсетеді.
- Жеңілдетілген несие кәсіпкер үшін әлдеқайда қызықты, ол қолжетімді. Әрине, кәсіпкер оған қызығушылық танытады. Іс жүзінде, "Бәйтерек" холдингінен басқа, мұндай құралдарды ешкім ұсынбайды. Бүгін біз үшін ең бастысы – мемлекет холдинг арқылы өз бизнесін құрып, дамытуы үшін оларды қолдауға дайын екенін кәсіпкерлерге жеткізу, - деді "Бәйтерек" холдингінің өкілі Рүстем Қасенов, бүгін Қостанай қаласында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен өткен бизнес-қоғамдастықпен кеңейтілген кеңестен кейін.
Айта кету керек, "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру басталғаннан бері (2010 жыл) кредиттер бойынша мөлшерлемені субсидиялауға 214,7 млрд теңге, несиелерді кепілдендіруге 13,8 млрд теңге бөлінді.
Бүгінгі таңда бұл қаражат шамамен 2,4 трлн теңге сомаға 12,6 мың жобаны субсидиялауға және 179 млрд теңге сомаға 4,8 мың жобаға кепілдік беруге мүмкіндік берді.
2019 жылы шағын және орта бизнестің (ШОБ) 14,6 мың жобасын қолдау жоспарлануда. 77 экспортқа бағдарланған ШОБ жобалары жалпы құны 30,7 млрд теңгеге қаржыландырылды.
2018 жылы қолдау көрсетілген экспорттық келісімшарттардың сомасы 419,8 млрд теңгені құрады, ал жаңа импортерлер саны 27 кәсіпорынға артты.
- Жыл сайын кәсіпкерлер саны артып келеді. Бұдан басқа, қызықты инвестициялық жобалардың саны артуда. Егер бұрын инвестициялық жобалар жай ғана "қағазда" болса, бүгінде олар өте пысықталып, өміршеңді болатындығын атап өткім келеді. Өңірлерге осындай сапар жасау бізге өңірлер жақсы, сапалы инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын екендігін көрсетеді, - деп толықтырды Рүстем Қасенов.
Кеңес аяқталған соң Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының өкілдері өңір кәсіпкерлерімен бірқатар B2B-келіссөздер жүргізгенін атап өту керек.
Анықтама үшін:
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және оны әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін арттыру арқылы Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы бойынша мақсаттарды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты. Холдинг құрамына «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.
Фотосурет kstnews.kz сайтынан алынды.