Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

19.10.2026

Қонаевта жылына 40 мың тоннадан астам өнім шығаратын ірімшік зауыты салынып жатыр

Кеңес ал!

19.10.2026

Қонаевта жылына 40 мың тоннадан астам өнім шығаратын ірімшік зауыты салынып жатыр

Қонаевта жылына 40 мың тоннадан астам өнім шығаратын ірімшік зауыты салынып жатыр

«Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Нияз Кошкимбаев бастаған делегация «Sofood Kaz» ЖШС-нің ірімшік зауытын салу жобасының іске асырылу барысын қарастырды. Қонаев қаласына жұмыс сапары барысында Холдинг, Қазақстанның Даму Банкі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері құрылыс алаңына барып, компаниямен жобаның техникалық және қаржыландыру мәселелерін талқылады.

Алматы облысында салынып жатқан кәсіпорын сүт өңдеу көлемін ұлғайтуға және ірімшік, оның ішінде кілегейлі және қатты ірімшік түрлерін өндіруге бағытталған. Зауыттың жобалық қуаты жылына 40 920 тонна өнімді құрайды. Жобаның бастамашысы «Sofood Kaz» ЖШС тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейтін және 15-тен астам өндірістік алаңы бар халықаралық Solico Group тобының құрамына кіреді.

«Бұл жобаның маңызы бір зауыттың құрылысымен шектелмейді. Отандық фермерлер үшін бұл сүт өткізудің қосымша нарығы, өңір үшін жаңа жұмыс орындары, ал ел үшін дайын өнім өндірісінің артуы. Өңдеу саласының дамуы жергілікті шикізат қорына негізделіп, қазақстандық өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтардағы орнын нығайтуға мүмкіндік беруі маңызды», - деп атап өтті Холдингтің басқарушы директоры Нияз Кошкимбаев.

Сапар барысында делегация құрылыстың қазіргі жағдайымен танысты. Нысанда металл конструкцияларды монтаждау, шатыр жабу және өзге де құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс кеңесінде тараптар жобаны одан әрі іске асыру мәселелерін қарастырды.

Кәсіпорынның толық қуатқа шығуы отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шикізатына қосымша сұраныс қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зауыттың шикі сүтке жылдық қажеттілігі 91,7 мың тонна деп бағаланады. Сүтті негізінен Алматы және Жетісу облыстарынан сатып алу жоспарланып отыр.

Жоба аясында 400 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген. Өнімнің шамамен жартысын ішкі нарыққа жеткізу, ал 50%-ға дейінгі бөлігін экспортқа, оның ішінде Орталық Азия елдеріне, Ресей мен Әзербайжанға шығару жоспарлануда. Зауытты іске қосу импорттық сүт өнімдерін отандық өніммен алмастыруға және Қазақстаннан өңделген өнімдер экспортын ұлғайтуға ықпал етеді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар