10.10.2024
- Холдинг туралы
Үкіметтің негізгі қаржы агенті, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қонаев қаласында Алматы облысы бойынша өңірлік филиалының кеңсесін ашты.
Өңірлік кеңсенің ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев қатысты.
«Жаңа филиалдың ашылуы жаппай кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға септігін тигізеді, өйткені бұл сегменттің өңірлерді дамытуға мультипликативтік әсер беретін әлеуеті бар. Шындығында микро-ұйымдар да кейіннен шағын және орта кәсіпорындарға айналады», - деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев.
Мәселен, 2022 жылы «Даму» қоры қолдау көрсеткен бағдарламалардың арқасында кәсіпкерлердің 50,5 мыңнан астам бастамасы іске асырылды. Кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау құралымен 24,5 мың жоба, кепілдік беру құралымен - 20,8 мың жоба, жеңілдікпен қаржыландыру тетігімен - 5,2 мың жоба қамтылды. Кредиттің жалпы сомасы 1,5 трлн теңгеден асты, осы соманың 63,3%-ы жаңа жобаларға инвестиция салуға және Қазақстандағы қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуға бағытталды.
«Біз кәсіпкерлердің өтініштерін қабылдаймыз және қарастырамыз. Олардың жобаларын екінші деңгейлі банктер қаржыландырады. Яғни, банк кредит береді. Кредиттің ауыртпалығын жеңілдету үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялаймыз. Жыл басынан бері біз Алматы облысындағы 130 жобаны қолдадық», - деп толықтырды «Даму» қорының Алматы облысы бойынша директоры Светлана Назарюк.
«Даму» қорының облыстық филиалы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ШОБ-ты қолдау құралдарын ұсынуды жалғастырады. Жаңа кеңседегі қызмет толығымен цифрландырылған. Кәсіпкерлер 1408 нөміріне қоңырау шалып, субсидия шарты бойынша қызметті онлайн ала алады. Жыл соңына дейін өңірлік филиал 1500-ден астам кәсіпкерлік бастаманы іске асыруды жоспарлап отыр.
Айта кететіні, Алматы облысы компания қызметтерін белсенді пайдаланатын өңірлердің бірі. Жаңа өңірдің әлеуеті зор. «Даму» қоры өңірлік деңгейде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу арқылы өз клиенттерінің санын көбейтуді көздеп отыр.