Кеңес ал!

03.06.2025

Офтейк-келісімшарттар және импортты алмастыру: «Бәйтерек» холдингі отандық тауар өндірушілерді тұрақты сатып алулармен қамтамасыз етеді

Офтейк-келісімшарттар және импортты алмастыру: «Бәйтерек» холдингі отандық тауар өндірушілерді тұрақты сатып алулармен қамтамасыз етеді

Үкімет отырысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин отандық өндірісті қолдау шаралары туралы баяндады.

Оның айтуынша экономикаға 8 трлн теңгені бағытыттау бойынша бастама шеңберінде бүгінгі күні Холдинг пен «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ отандық өндірушілерді офтейк-келісімшарттармен қамтамасыз ету арқылы ішкі нарықты қанықтыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізуде.

Ұлттық жобамен тозығы жеткен энергетикалық жəне коммуналдық инфрақұрылым объектілерін ауыстыру жəне жаңғырту көзделеді. Осылайша, табиғи монополия субъектісін қазақстандық өніммен (құбыр өнімдері, тазалау өнімдері, электр кабельдік өнімдер, ысырмалар, клапандар, арматура) қамтамасыз ету мақсатында оның ішінде Холдинг тобының қарыз алушыларынан сатып алуды жүзеге асыруды ұсынады, бұл тиісінше қазақстандық кəсіпорындарды офтейк-келісімшарттармен қамтамасыз етеді.

Қолдау нəтижелері бойынша 2024 жылы 33 жоба пайдалануға беріліп, жалпы қолдау сомасы 345,5 млрд теңгені құрады. Бұл мұнай экстракциясы зауытының құрылысы, көлемді блоктар, автошиналар, тұрмыстық техника, шойын құю жəне т.б. шығаратын зауыт. Биыл отандық өндірістік жобалар да қамтылады. Атап айтқанда, бұл алкилат, қағаз жəне картон, натрий цианиді, сода күлі шығаратын зауыттардың құрылысы жəне басқа да жобалар.

Отандық өндірісті қолдау отандық өнімді өткізуге жанама түрде əсерін тигізетін көлік құралдары паркін жаңарту шеңберінде жүзеге асырылады. Атап айтқанда, вагон жасау секторының, автобустардың, ауыл шаруашылығы техникасының жəне арнайы мақсаттағы автокөліктің 15-ке жуық отандық өндірушілеріне ӨДҚ желісі бойынша қолдау көрсетілді. Жалпы, бүгінгі таңда, шамамен 1,1 трлн теңге бағытталды, бұл 26,6 мың бірлік техниканы өткізуге мүмкіндік берді. ҚАҚ желісі бойынша ауыл шаруашылығы техникасының лизингі арқылы 1,4 трлн теңгеге 88,3 мың бірлік техника жаңартылды, оның ішінде 393,8 млрд теңгеге 17,1 мың бірлік техника отандық өндірушілерден алынды.

Рустам Қарағойшин отандық өндірушілерден тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі міндеттемелердің маңыздылығын атап өтті.

«Биыл ҚДБ қолдаған кəсіпорындардың тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді сатып алу көлемі 30 млрд теңгені құрады, оның ішінде отандық тауар өндірушілерден сатып алынған ТЖҚ үлесі шамамен 29 млрд теңге (шамамен 99%), 2024 жылмен салыстырғанда ТЖҚ-дағы ОТӨ үлесі 4,6 млрд теңге (шамамаен 14%) болып отыр», — деп атап өтті холдингтің басқарма төрағасы.

Рустам Қарағойшиннің сөзінше 8 трлн теңге бойынша бастама шеңберінде осы жылы жобалардың инвестициялық кезеңінде 1,2 трлн теңгеден кем емес сомаға тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді сатып алу жоспарланып отыр.

Премьер-министр бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті. «Бәйтерек» холдингінен қолдау алған кезде әрбір кәсіпорын отандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға тиіс. Мәселені бақылауда ұстау тапсырылды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар