07.09.2023
Өнеркәсіпті дамыту қорының портфелі 1 трлн теңгеге жетті
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – Қор, ӨДҚ) ағымдағы жылы қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша өсудің оң серпінін көрсетуді жалғастырды. Қордың кредиттік портфелі 2023 жылғы 7 қыркүйектегі жағдай бойынша 1 трлн теңгеге жетті. Барлық жұмыс кезеңінде КДҚ жалпы сомасы 1,4 трлн теңгеге 1,5 мыңнан астам жоба мен мәмілелерді қаржыландырды, бұл ретте жобаларды қорландыру үшін 1,6 трлн теңгеге инвестициялар тартылды.
Жобаларды лизинг және кредит беру құралдары арқылы қаржыландыру өңдеу өнеркәсібін әртараптандыруға, орта және жоғары қайта бөлу тауарларын өндіруді қолдауға және ынталандыруға, инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ Қазақстан экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесуге бағытталған.
Қор портфелінің өсуіне «Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» және ҚР Үкіметінің басқа да бағдарламалық құжаттары шеңберіндегі жобаларды қаржыландыру есебінен қол жеткізілді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 11 мамырдағы тапсырмасы бойынша ұлттық экономиканың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ құрылды. Сол жылдың 18 тамызында «Өнеркәсіпті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 521 қаулысы қабылданды.
Қор қолдаған жобалардың қатарына автобустар мен арнайы техника, жеңіл автомобильдер, теміржол дөңгелектері мен клемм шығаратын зауыттар, шойын құю зауыты, автомобиль шиналары, тұрмыстық техника, құрылыс материалдар өндірісі, ауыл шаруашылық машиналарын жасауға арналған локализациялық орталықтың жобасы, теміржол құрамдары мен ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту жөніндегі жобалар, сондай – ақ тамақ, химия өнеркәсібі саласындағы, ЖЭК салалары және т.б. жобалар жатады.
Қосымша жаңалықтар