07.11.2018

«Нұрлы жер» Мемлекеттік бағдарламасы: 9 айдың қорытындылары

«Нұрлы жер» Мемлекеттік бағдарламасы: 9 айдың қорытындылары

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен өткен ҚР Үкіметі отырысы барысында 2018 жылдың тоғыз айы ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру барысы қаралды. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек және «Бәйтерек» холдингі Басқармасының Төрағасы Айдар Арифханов баянадама жасады.

Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметіне қарағанда, 9 айдың қорытындылары бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында республика бойынша 8,8 млн ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ға артық. 77 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты, олардың ішінде шамамен 9,5 мың отбасы мемлекеттік қаражат есебінен салынған баспанаға қол жеткізді. Ағымдағы жылы барлығы кемінде 12,1 млн. ш.м. үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5%-ға артып, 818,9 млрд теңгеге жетті. Мемлекеттік инвестицияның 1 теңгесіне жеке инвестициялардан 8 теңге салынды. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі жағынан Астана, Алматы қалалары мен Маңғыстау облысы көш бастап тұр.

 «Бәйтерек» ҰБХ АҚ Басқармасының Төрағасы Айдар Арифхановтың айтуынша, Холдингтің еншілес ұйымы - «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның желісі бойынша 2016 ж. бөлінген қаражат есебінен 95,6 млрд теңгеге 113 шарт жасалды, 94,9 млрд теңге немесе 99,2% игерілді. 2018 жылы 34 мың ш.м. жоспарланған болса, 24,9 мың ш.м. немесе 73% үй салынды. 2018 жылдың аяғына дейін қосымша түрде 9,9 мың ш.м. пайдалануға беріледі.

Холдингтің тағы бір еншілес кәсіпорны - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі сұраныс пен салынған тұрғын үйді сату бойынша өз салымшылары үшін жағдай жасап отыр. Жылдық жоспар 270 млрд теңге болса, тұрғындарға 274 млрд теңгеге 30 мың жеңілдікпен қарыз берілген. Қазіргі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі бойынша 568 млрд теңге жинақтау сомасымен 1,2 млн шарт жасалған.

«Тұрғын үй құрылыс жинақтарын одан әрі ынталандыру үшін онлайн-банкинг жүйесі және baspana.kz жылжымайтын мүлік интернет-порталы белсене дамып жатыр, портал платформасында барлық салымшылар, құрылыс салушылар және мемлекеттік органдар біріктірілген. Енді қазақстандықтар “Нұрлы жер” бағдарламасының қызметтері бойынша онлайн-кеңестер, дайын болған және салынып жатқан нысандар, бір шаршы метрдің құны және банк өнімдері туралы ақпарат ала алады. Бүгінде портал арқылы тұрғындарға бекітілген баға бойынша 80 млрд теңгеге 11 мың пәтер сатылған», — деп хабарлады А. Әріпханов.

 

2

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар