28.12.2024
- Холдинг туралы
2022 жылғы 24 қаңтарда Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросын басқарды. «Бәйтерек» холдингінде агроөнеркәсіптік кешенді қолдау және дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Н. Айдапкелов 1979 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
2001 жылғы қаңтардан 2003 жылғы қарашаға дейін ҚР Статистика агенттігінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК-да жұмыс істеді.
2003-2007 жылдары - «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ бас маманы, Қаржы департаментінің директоры.
2007-2008 жылдары - «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры.
2008-2009 жылдары - «ҚазАгрогарант» АҚ Басқарма төрағасы.
2009 жылғы шілде-желтоқсан аралығында - «AstanaKnowledgeCity» АҚ кеңесшісі.
2009-2013 жылдары - ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары, Жауапты хатшысы.
2013-2014 жылдары - ҚР Статистика агенттігі Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің директоры.
2015 жылғы қаңтардан 2016 жылғы мамырға дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.
2016 жылғы 26 мамырдан бастап - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы.
2020 жылғы 6 қазанда ел Президентінің Жарлығымен Статистика комитеті Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылды. 2020 жылғы 28 қазаннан 2022 жылғы 24 қаңтарға дейін - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен, «Статистика үздігі» белгісімен марапатталған.