01.02.2022

Мұқтаж жандар үшін жалдау ақысын субсидиялауды ағымдағы жылдың мамыр айынан бастау жоспарланып отыр - Айдар Әріпханов

Мұқтаж жандар үшін жалдау ақысын субсидиялауды ағымдағы жылдың мамыр айынан бастау жоспарланып отыр - Айдар Әріпханов

Халықтың осал топтары үшін жалдау ақысын субсидиялау тетігін ағымдағы жылдың мамыр айында іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысын субсидиялау аясында Банк ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп субсидиялау тетігін әзірледі.

- Онлайн-банкингтегі процестерді барынша автоматтандыру және қағаз тасығыштарда ақпарат сұрауды болдырмау көзделеді. Өтініштерді қабылдау, табыс деңгейін және өзге де критерийлерге сәйкестігін тексеру, тұрғын үй параметрлерін алу және тексеру, жалдау шарттарын қалыптастыру, қол қою және тіркеу онлайн режимде жүргізіледі. Қазіргі уақытта субсидиялау тетігі бойынша платформаны пысықтау жүзеге асырылуда, - деп хабарлады Айдар Әріпханов.

Оның айтуынша, банктің 17 филиалында интернет қызметтеріне қол жеткізе алмайтын адамдар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары дайындалады. Консультациялық қолдауды – банктің филиалдары мен колл-орталығы көрсететін болады. Автоматтандыру мақсатында мемлекеттік органдардың 16 дерекқорынан сервистер талап етіледі. 

Сонымен қатар, «Бәйтерек» холдингінің басшысы тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заң жобасы шеңберінде Отбасы Банктің базасында тұрғын үйге мұқтаждардың барлығын жүргізу, қою және есепке алуды, сондай-ақ тұрғын үйге қол жетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді қою күні бойынша бөлуді орталықтандырып жүзеге асыратын Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық құрылатынын еске салды.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланатын болады, бұл кезекте тұрғандар базасын жүргізу, мониторингтеу және өзектілендіру процестерін автоматтандыруға, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қалыптастыруға және есепке қоюға мүмкіндік береді. Тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрғандар тізілімінің дерекқорын мемлекеттік тұрғын үй қорынан Отбасы банкіне беру жоспарлануда (бүгінгі күні шамамен 590 мың адам).

Айдар Арифхановтың сөйлеген сөзінің толық мәтінімен мына жерде танысуға болады >>

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар