Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А Экран дикторы

22.01.2026

Ұлттық Банк Үкімет, ҚНРДА және «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп қаржы секторы өкілдерімен кездесу өткізді

Кеңес ал!

22.01.2026

Ұлттық Банк Үкімет, ҚНРДА және «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп қаржы секторы өкілдерімен кездесу өткізді

Ұлттық Банк Үкімет, ҚНРДА және «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп қаржы секторы өкілдерімен кездесу өткізді

22 қаңтарда Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменовтің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрайымы Мадина Әбілқасымованың, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі»  АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшиннің, сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері мен екінші деңгейлі банктер басшылығының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуде қатысушылар корпоративтік кредиттеу көлемін ұлғайту, оның ішінде ірі жобаларды, шағын және орта бизнесті, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешендерін қаржыландыру мәселесі төңірегінде пікір алмасты. Жиында тұтынушылық кредиттеу ісін тұрақтандыру мәселесі де талқыланды. 

Кеңес аясында «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің екінші деңгейлі банктермен және реттеуші органдармен өзара іс-қимылы, сондай-ақ проактивті инвестициялық саясатты іске асыру контексіндегі ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Холдингтің Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин Холдингтің инвестициялық холдингке трансформациялануы нақты секторды қаржыландыруға банктік өтімділік пен нарықтық құралдарды неғұрлым белсенді тартуға бағытталғанын атап өтті.

«Холдингтің негізгі міндеті – екінші деңгейлі банктермен және реттеуші органдармен өзара іс-қимылдың орнықты моделін қалыптастыру. Бұл модельде Холдингтің қаржылық құралдары нарықтық несиелеуді алмастырмай, керісінше оны күшейтуі тиіс. Мұндай тәсіл бизнестің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтіп, нақты секторға салынатын инвестициялардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді ол.

Сонымен қатар кеңес барысында аралас және синдикатталған қаржыландыру тетіктерін қолдану, кепілдік құралдарын дамыту, сондай-ақ даму институттарының банк секторымен іс-қимылын үйлестіру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар цифрлық қаржы активтерін елдің қаржы жүйесіне енгізудегі практикалық әдістер мен саланы цифрландыру мәселелеріне тоқталды.

Кездесуді қорытындылай келе экономиканы кредиттеу мен қаржы нарығын дамытуға қатысты негізгі мәселелер бойынша жұмысты өзара жүйелеу туралы келісімге келді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар