Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

26.07.2024 12:24:00

«Бәйтерек» ҰБХ және Openspace венчурлық инвестиция саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

24.11.2023

Әлихан Смайылов «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Әлихан Смайылов «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

23 қарашада ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов  «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді.

Қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген холдингтің 2024-2026 жылдарға арналған Цифрландыру стратегиясын қарастырды. Ол ұсынылатын өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыруға, бизнес-процестерді оңтайландыруға және заманауи цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған.

Бұдан бөлек, холдинг қызметінің негізгі бағыттарын жаңартуды көздейтін 2024-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарды әзірлеу барысында ҚР-ның 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтыланған болжамының макроэкономикалық көрсеткіштері ескерілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов бекітілген жоспарлар мен стратегияларды іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды, сондай-ақ холдингтің тұрақты дамуын қамтамасыз ету контекстінде тәуекелдерді басқару мен цифрландырудың маңызды екенін атап өтті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар