22.11.2022

Корпоративтік хатшылардың форумы

Корпоративтік хатшылардың форумы
2022 жылғы 25 қарашада «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «АХҚО Әкімшілігі» АҚ және BCPD Ltd. (АХҚО еншілес ұйымы) бірлесіп, «Нұқсан келтіретін тәуекелдер және тұрақтылық» тақырыбында корпоративтік хатшылар форумын өткізеді (ағылш. «Disruptive risks and resiliency»).

Корпоративтік хатшылардың дәстүрлі форумы қазақстандық және әлемдік экономикада орын алатын өзгерістер мен «қара аққулар» жағдайында корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін енгізудің негізгі мәселелерін талқылауға арналған негізгі диалог алаңы болып табылады. 

Форумға қатысу арқылы корпоративтік басқару, тұрақты даму және ESG саласындағы үздік сарапшылармен тікелей өзара байланыс орнатып, ақпараттық кеңістікті кеңейтуге мүмкіндік туады.

Форумға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ, АХҚО, PricewaterhouseCoopers, ҚАЗГЗУ Бизнес-мектебінің және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысады. 

Корпоративтік хатшы күніне орай Форум барысында «Қазақстанның корпоративтік хатшысы – 2022 жыл» атағын жеңіп алу үшін байқау өткізілмекші. 

Тіркелу үшін http://corporatesecretaryforum.tilda.ws/page23568791.html сілтемесіне өту керек.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар